Анонс: X Азаматтық форум

19.11.2021

"Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылы" X Азаматтық форумы

 

БҰҰДБ-ның панельдік сессиясы: "БҰҰ-ның Тұрақты Даму Мақсаттары-Қазақстанның болашақ бейнесі"

 

22 қарашада сағат 10:00-де Алматыда "Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылы" X Азаматтық форумы өтеді. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Қазақстанның Азаматтық альянсымен бірлесіп "БҰҰ-ның Тұрақты Даму Мақсаттары – Қазақстанның болашақ бейнесі" Панельдік сессиясының ұйымдастырушылары болып табылады.

 

Іс-шараның мақсаты: Тұрақты даму мақсаттарын одан әрі дамытуға және олардың қоғамдық институттардың әлеуетін нығайту және Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын енгізуге азаматтық қоғамды тарту кезінде Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегияларына үлесін қосу.


ТДМ-ға қол жеткізудегі озық халықаралық тәжірибені зерделеу үшін Қазақстанға Үкімет пен халықаралық сарапшылар арасында белсенді әріптестік пен тәжірибемен алмасу қажет. X Азаматтық форум Үкіметтің, іскер топтардың сарапшыларын, даму жөніндегі серіктестерді, белгілі тұлғаларды, тұрақты дамуға ықпал ететін азаматтық қоғам өкілдерін бір алаңға жинайды. Спикерлер ТДМ күн тәртібіндегі прогреске қол жеткізу үшін Қазақстанға арналған практикалық шешімдерді ұсынады.



Спикерлер:

  • Елдос Абақанов — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
  • Виталий Времиш — Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары
  • Жәнібек Айғазин  Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының директоры
  • Махаббат Еспенова — Нұр-Сұлтан қ. Азаматтық альянсының директоры

 

Модераторлар:

  • Махаббат Есен — журналист, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қауымдастырылған профессоры
  • Руслан Сұлтанов — "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарма төрағасы 



Форумға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, азаматтық белсенділер қатысады.

 

——— 

2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Тұрақты даму саласындағы 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған күн тәртібін қабылдады, оған тұрақты даму саласындағы 17 мақсат (ТДМ) кіреді. БҰҰ-ға мүше басқа мемлекеттер сияқты Қазақстан да өзінің қазіргі және болашақ ұрпақтары үшін тұрақты дамуға қол жеткізуді қамтамасыз ету міндеттемесін өзіне алды.

 

2018 жылы БҰҰ агенттіктері мен Азия даму банкінің қолдауымен Қазақстан үйлестіру кеңесін, бес жұмыс тобын (адамдар, жер, өркендеу, бейбітшілік, әріптестік) және Үйлестіру кеңсесін қоса алғанда, 2030 жылға арналған ТДМ мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесу үшін институционалдық архитектура енгізді.


Қазақстанның ТДМ саласындағы ұлттық тәсілдемесі және жетістіктері 2022 жылғы шілдеде БҰҰ Ассамблеясында Жоғары деңгейдегі саяси форумда Ерікті ұлттық шолу нысанында ұсынылатын болады.



Қарау саны: 1316
Сақталған: 30.10.2024



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!