ТДМ жөніндегі Хатшылықтың қатысуымен
23.11.2021
Дүниежүзілік балалар күні (20 қараша) мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Барлығы балалар үшін" дөңгелек үстелі. ТДМ жөніндегі Хатшылық Қазақстан балаларының әл-ауқаты индексі әдістемесін және балаларға арналған бюджетті апробациялау қорытындысы туралы айтып берді. 19 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында "Барлығы балалар үшін" атты балалар әл-ауқаты мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ ТДМ жөніндегі Хатшылық сарапшылары қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар балаларды қорғау, балалардың денсаулығын және олардың әл-ауқатын сақтау мәселелерін талқылады.
Бақытгүл Хамбар Балаларға арналған бюджет пен әл-ауқат индексінің әдістемесін апробациялау аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Оның таныстырылымы еліміздің тоғыз өңірінде жүргізілген зерттеу, әлеуметтік сауалнама және сұхбаттың негізгі нәтижелері туралы ақпаратты қамтыды. "Жалпы, индикаторлар үшін дауыс беруге еліміздің барлық өңірлерінен 18 мыңнан астам азамат қатысты, 1000 — нан астам сарапшы талқылауға қатысып, Индекс әдістемесі шеңберінде 120-дан астам ұсыныс әзірледі", - деп атап өтті спикер. Ол әлеуметтік зерттеу жүргізу аясында онлайн сауалнама мен сұхбаттан өту үшін ата-анадан міндетті түрде рұқсат алуды қамтитын этикалық бақылаудың барлық нормалары сақталғанын атап өтті. Дөңгелек үстелде ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев, ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті директорының орынбасары Олжас Ысқақов, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев, "Қазақстан Балалар қоры" қоғамдық қорының жетекшісі Эльвира Ватлина, Алматы қаласы БССҚД директорының орынбасары Гүлдана Омарова сөз сөйледі. ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев елімізде балалардың құқықтарын қорғау саласында 45-тен астам НҚА қабылданғанын айтты. Бүгінде Қазақстанда балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерімен 9 министрлік және ведомство, жергілікті деңгейде – 1000 білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдары айналысады. ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті баланың құқықтары мен олардың әл-ауқатын қорғау бойынша кешенді шаралар қабылдайтын үйлестіруші және бейінді ведомство ретінде айқындалды. "Қазақстанда балалардың 70% — дан астамы дербес компьютерге және смартфонға қол жеткізе алады, сондықтан балаға теріс әсер етуі мүмкін кибербуллингке жол бермеу бойынша жұмыс жүргізу маңызды", - деп атап өтті спикер. ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті директорының орынбасары Олжас Ысқақов ҚР-да жоспарлы түрде сәби мен ана өлімін азайту жүріп жатқанын атап өтті. Осылайша, 2020 жылы 96 ауруы бар 877 869 бала 24 млрд теңгеден астам сомаға тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. ЮНИСЕФ-тің ұсынысы бойынша төспен емізуді қолдау үшін 33 медициналық ұйымға "Балаға достық қарым-қатынас ауруханасы" мәртебесі берілді, балаларды тек қана төспен емізумен 85,6% қамтуға қол жеткізілді. "Қазақстан Балалар қоры" қоғамдық қорының жетекшісі Эльвира Ватлина балалық шақтың қазіргі проблемалары туралы айтып берді. Сонымен, спикер елімізде балалардың суицидінің, ерте жүктіліктің және балаларға қатысты қылмыстардың теріс үрдісі жүріп жатқанын атап өтті.
Қарау саны: 1319 |
|
|