ERI ТДМ жөніндегі Хатшылықтың қатысуымен
08.12.2021
Орталық Азиядағы тұрақты даму саласындағы мақсаттар бойынша өңірлік платформа шеңберінде Дамуды қаржыландыруды бағалау жөніндегі өңірлік семинар Бүгін, 8 желтоқсанда Орталық Азияда Тұрақты даму мақсаттары бойынша жақында іске қосылған өңірлік платформаны іске асыру шеңберінде Дамуды қаржыландыруды бағалау (ДҚБ) бойынша өңірлік семинар өтті. Семинарды БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Қазақстандағы және Түркіменстандағы кеңселері ұйымдастырды. Іс-шараға "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) сарапшылары қатысты. Дамуды қаржыландыруды бағалау бойынша өңірлік семинардың негізгі мақсаты - "Бағалау және диагностика" Кешенді ұлттық қаржыландыру тетігінің бірінші құрылымдық блогының ажырамас элементі болып табылатын ДҚБ құралы туралы жалпы түсінік беру. ДҚБ мемлекеттік, жеке, халықаралық және өзге де көздерді қоса алғанда, қаржыландырудың барлық қолжетімді және ықтимал көздерін анықтау мақсатында елдегі ТДМ қаржыландыру жағдайларын жалпы бағалау және диагностикалау үшін кеңінен қолданылады. Семинарға ТДМ саласындағы қаржы мәселелері жөніндегі халықаралық консультант Тим Строусон, БҰҰДБ Стамбул өңірлік хабының сарапшылары: ТДМ қаржыландыру жөніндегі кеңесші Сурен Погосян, Жасыл экономика және жұмыспен қамту жөніндегі бағдарламалық маман Михаил Пелелов және бағдарламалық маман Елена Данилова-Кросс қатысты.
Семинарда Дамуды қаржыландыруды бағалау құралының бірнеше аспектілеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның Ұлттық әріптестері ТДМ-ға қол жеткізу үшін маңызды қаржы ағындарын мониторингілеу және болжамдау үшін ДҚБ өткізу бойынша өз тәсілдері мен тәжірибесін және осы процестің әлеуетті артықшылықтарын ұсынды. ДҚБ-ды табысты аяқтаған елдердің спикерлері дамуды қаржыландыруды бағалау кезінде нақты тәсілдерді пайдалана отырып, бағалау қорытындылары бойынша жасалған тәжірибелерімен және қорытындыларымен бөлісті. ERI ТДМ жөніндегі Хатшылық директоры Бақытгүл Хамбар Қазақстандағы Дамуды қаржыландыруды бағалауды өткізу тәжірибесі туралы айтты. Ол ҚР БҰҰ Даму Бағдарламасы мен Азия даму банкінің қолдауымен ел деңгейінде дамуды қаржыландыруды бағалауды табысты аяқтағанын атап өтті. Дамуды қаржыландыруды бағалау қорытындылары бойынша алынған сабақтар жергілікті деңгейде неғұрлым егжей-тегжейлі бағалау жүргізуге мүмкіндік береді.
Қазір Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары ел Үкіметі мен БҰҰДБ қолдауымен Алматы, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының қаржыландырылуына бағалау жүргізуде. Семинар барысында қатысушылар Түрікменстанда дамуды қаржыландыруды бағалауға деген көзқарастың әлеуетті тәсілдерін талқылады. Бұдан басқа, қатысушылар ДҚБ өткізгеннен кейін әрі қарайғы іс-қимылдар бойынша тұрақты консультацияларды және болашақта қаржыландырудың кешенді ұлттық тетігін іске асырудың жалпы кезеңдерін жалғастыруға келісті. Бүгінгі таңда Орталық Азиядағы БҰҰДБ-ның бес елдік командасының төртеуі тиісті ұлттық серіктестермен бірлесіп қаржыландырудың кешенді ұлттық тетігінің платформасын әзірлеу бойынша жұмыс істеуде және ДҚБ талдауын орындады. ——— Ескертпе: Орталық Азиядағы Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік платформаны Еуропалық Одақ және БҰҰДБ қаржыландырады.
Сондай-ақ оқыңыз: ТДМ бойынша өңірлік платформаны іске қосу
Қарау саны: 1289 |
|
|