ERI қатысуымен

28.12.2021

Бүгін, 28 желтоқсанда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұловтың төрағалығымен "Жер" ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық қатысты.

"Жер" ВАЖТ жұмысының нәтижелері туралы Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директоры Ақзан Ширанов айтып берді.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы осы жұмыс тобы аясында келесі іс-шаралар пысықталды:

1.   Барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен бес ведомствоаралық топтың ұлттық индикаторлар бойынша жауапкершілігі бекітілді.

2.   ТДМ бойынша Прогресс индексі рейтингінің көшбасшы елдерінде қабылданған заңнамалық шараларға салыстырмалы талдау жүргізілді.

3.   ТДМ іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үшін жұмыс топтары құрамынан сарапшылар пулы қалыптастырылды.

4.   Жергілікті атқарушы органдар мен ҮЕҰ көмегімен өңірлерде ТДМ оқшаулау бойынша "Жер" ВАЖТ жоспары әзірленді.

 

ЮНЕП-тің Тұщы су экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру жөніндегі жобасын іске асыру барысын ТДМ 6.6.1 "Сумен байланысты экожүйелер алаңының өзгеру серпіні" 6.6.1 ТДМ көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін "Тұрақты дамуға жәрдемдесу" орталығының атқарушы директоры Вера Мұстафина таныстырды.

 

Ол "Таза су және санитария" 6 ТДМ 8 тапсырмадан және 11 индикатордан тұратынын атап өтті.

"6.6.1. мақсаттың қосалқы көрсеткіштері  "Сумен байланысты экожүйелер алаңының өзгеру серпіні" тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде деректердің жоқтығынан, мүдделі тараптардың өзара іс-қимылының нашарлығынан, мамандар әлеуетінің жеткіліксіздігінен проблемалық болып табылады. Елдерге осы көрсеткішке қол жеткізуге көмектесу үшін ЮНЕП және БҰҰДБ Ғаламдық су бағдарламалары "Тұщы су экожүйелері туралы деректерді интеграциялау..."лауазымды тұлғалардың көрсеткіштер бойынша деректердің маңыздылығы туралы хабардар болуын арттыру және ҚР — дағы Балқаш көлінің тұщы су жүйесін қорғау және қалпына келтіру бойынша Жол картасын қалыптастыру үшін, - деп хабарлады Вера Мұстафина.

 

2022 жылға арналған екінші Ерікті ұлттық шолуды дайындау мәселесін талқылау шеңберінде ERI  Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылықтың жетекші сарапшысы Мадина Нұржанова сөз сөйледі.

 

Сарапшы ағымдағы жылдың қыркүйек айында тұрақты даму бойынша жоғары деңгейдегі саяси форумда ЕҰШ таныстырылымы туралы өтінім ұсынылғанын айтты.

 

"Екінші ЕҰШ бірінші ЕҰШ таныстырылған сәттен бастап ТДМ іске асыруда елдің қандай прогреске қол жеткізгенін көрсетуі тиіс. Бұдан басқа, Екінші шолу бірінші нұсқаның қисынды қорытындысы болуы тиіс, бірақ неғұрлым қолданбалы деректерге ие болуы, проблемаларды шешу бойынша терең талдауды қамтуы тиіс", — деп атап өтті спикер.

 

ERI сарапшысының айтуынша, ЕҰШ дайындау жоспарында "Миссия 2030" ойынын еліміздің барлық 17 өңірінде өткізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, жеке сектордың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, ұлттық және халықаралық сарапшылармен бірқатар талқылаулар жоспарланған.

 

"ЕҰШ соңғы нұсқасын ұсыну 2022 жылдың маусым айында болады. Жоғары деңгейдегі саяси форумда Ерікті ұлттық шолудың таныстырылымы 2022 жылдың шілдесінде өтеді", - деді Мәдина Нұржанова.

 

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросы Тұрақты даму мақсаттары статистикасы басқармасының басшысы Айнұр Досанова ТДМ қол жеткізу мониторингі үшін статистикалық деректерді тыңдаушыларға ұсынды.

 

"Бүгінде Қазақстанда ТДМ мақсаттарын, міндеттері мен индикаторларын ұлттандыру процесі аяқталды. ТДМ-ды Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне енгізу өзекті міндет болып табылады", - деп атап өтті спикер.

 

Оның айтуынша, Ұлттық есептілік платформасы елдегі ТДМ бойынша барлық деректерді қамтиды.

 

"ТДМ 203 ұлттық индикаторы бойынша ақпарат Ұлттық статистика бюросында бар, 59 бойынша деректер жоқ. Оларды 2022-2025 жылдар аралығында жүйеге енгізу жоспарда бар", - деді Айнұр Досанова.

 

Сондай-ақ, ол 2022 жылдың ЕҰШ  қалыптастыру үшін:

— 2021 жылғы деректерді өзектендіру

- деректерді бөлудің максималды деңгейін қамтамасыз ету

- барлық индикаторлар бойынша деректердің сапасын және уақыт қатарларын қайта тексеру.

 

Отырыс соңында ашық мәселелер мен кемшіліктерді пысықтау және ТДМ индикаторлары бойынша өзекті жетіспейтін деректерді ұсыну қажеттігі атап өтілді.

 



Қарау саны: 1309
Сақталған: 22.12.2024



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!