Премьер-Министр Қазақстан балаларының хал-ахуал

18.02.2022

2022 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Өкімімен Қазақстан балаларының хал-ахуал индексі бекітілді.

2020 жылғы 22 қазанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында ел Президенті Қасым — Жомарт Тоқаев 2022 жылдан бастап ұлттық мониторингтік тетік-Қазақстан балаларының хал-ахуал индексін әзірлеп, енгізуді ұсынды.

Қазақстан балаларының хал-ахуал индексін (бұдан әрі-Индекс) ілгерілетуге және іске асыруға жауапты болып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бекітілген, индекс Әдістемесінің негізгі әзірлеушісі "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ болып табылады. БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) техникалық қолдау көрсетеді.

Индекс бүкіл әлем бойынша COVID-19 пандемиясынан туындаған "жаңа шындық" жағдайында аса өзекті болып табылатын әртүрлі салаларда балалар үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған ұлттық саясаттың балалар әл-ауқаты мен тиімділік дәрежесін бағалауды жүргізу мақсатында әзірленді.

Индексті енгізу әртүрлі салалардағы балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды тиімді іске асыруды тежейтін факторларды уақтылы анықтауға мүмкіндік береді. Балалардың хал-ахуалы өңірлер бөлінісінде, ата-аналар мен балалардың пікірін ескере отырып, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы "Ешкімді шетте қалдырмау" қағидатына сәйкес қаралатын болады.

Индексті енгізу бойынша үш жақты бірлескен жоспарға (2021 жылғы 1 сәуір) қол қойылған сәттен бастап Экономикалық зерттеулер институты ҚР өңірлері бөлінісінде денсаулықты, білім беруді, монетарлық кедейлікті және басқа да хал-ахуал индикаторларын бағалауды қоса алғанда, хал-ахуалдың негізгі аспектілеріне баса назар аудара отырып, Қазақстандағы балалардың жағдайын талдау бойынша жан-жақты жұмыс жүргізді. Осылайша, талдау жүргізу үшін әлемдік тәжірибеде кеңінен таралған және қолданылатын балалардың әл-ауқатының индекстері (10-нан астам әлемдік индекстер зерттелді), сондай-ақ балалардың әл-ауқаты саласындағы отандық зерттеулер зерттелді.

Анықтамалық: 10 халықаралық индекс пен 1 қазақстандық индекс зерттелді : «Мура» индексі (АҚШ), «Брэдшоу және Ричардсон индексі» (ЕО), ЮНИСЕФ индексі (2013 ж. және 2020 ж.), ЭЫДҰ индексі, IRSSV индексі (Словения), «Уэльс балалары мен жастарының хал-ахуал индексі» (Ұлыбритания), «Қырғыз Республикасындағы балалар кедейшілігі мен жоқшылығының индексі», «Канадалық балалар мен жастар хал-ахуалының индексі», «Үндістандағы балалардың хал-ахуал индексі»; Балалардың хал-ахуал индексі  (Sange компаниясы, 2018 ж.).

2021 жылғы мамырдан қазанға дейін халық арасында Балалардың хал-ахуал индексі әдістемесін түсіндіру және апробациялау бойынша  ауқымды жұмыс жүргізілді. 1000-нан астам сарапшылардың, ҮЕҰ, ата-аналардың, педагогтардың, мемлекеттік органдардың қатысуымен онлайн және офлайн талқылаулардың екі раунды өткізілді. Жалпы алғанда, сарапшылар мен қоғамнан жаңа индикаторларды қосу және Индекс әдістемесінің жобасын пысықтау бойынша 120-дан астам ұсыныс алынды. Сонымен қатар, көптеген мүдделі тараптардың пікірлерін ескеру үшін ERI сайтында ұсынылған индикаторлар үшін онлайн-дауыс беру өткізілді. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 18 мыңнан астам адам қатысты.

Талқылау барысында жеке индикаторларға, индекс атауы мен есептеу әдістемесіне қатысты сындарлы сын айтылды. Мысалы, бастапқыда индекс "Қазақстан балаларының бақыт индексі" (немесе қысқаша ҚББИ) атауына ие болған, өйткені бұл индекс әрдайым балалармен байланысты болуы тиіс болатын. Алайда, көптеген сарапшылар мен ата — аналар бақытты "эфемерлік" ұғым деп санады және оны сандық бағалау мүмкін емес, сондықтан оны "Қазақстан балаларының хал-ахуал индексі" (ҚБХИ) деп атауға шешім қабылданды.

Қоғамдық ұсыныстар мен дауыс беру нәтижелеріне сүйене отырып, индикаторлардың бастапқы жиынтығы мүдделі тараптардың талаптарын ескере отырып түзетілді. Мәселен, бастапқыда ERI ұсынған 58 индикатордың 19-ы алып тасталды және Қазақстанның сарапшылық қоғамдастығы мен жұртшылығы ұсынған жаңа 17 индикатор енгізілді.

Индекс әдістемесінің жобасын сынақтан өткізу мүмкіндігі үшін 2021 жылғы 11-29 қыркүйек кезеңінде индекс Әдістемесі жобасының сауалнама индикаторларын тестілеу еліміздің 10 өңірінде (оның ішінде облыс орталықтарында, аудандарда, ауылдарда, шағын қалаларда) жүргізілді. Сарапшылар 9,5 мыңнан астам бала мен олардың ата-аналарынан сауалнама жүргізді.

Бұл мәселеде БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) және Инноченти зерттеу ұйымы (Innocenti, Италия) үлкен көмек көрсетті, олар Health MediaLab Institutional Review Board (HML IRB) халықаралық ұйымында индексті әлеуметтік зерттеу әдістемесінің этикалық мақұлдауын алуға көмектесті.

Индекс әдістемесі қазақстандық және шетелдік сарапшылар тарапынан ғылыми сыннан өтті. Ғылым докторларынан, профессорлардан, PhD докторларынан және ғылым кандидаттарынан тоғыз ұсыныс хат алынды.

Қазақстанда балалардың хал-ахуал индексін енгізу мемлекеттік органдарға балалардың әл-ауқатына байланысты мәселелерге уақтылы ден қоюға, мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралардың тиімділігіне оң әсер ететін стратегиялық бастамаларды қалыптастыру кезінде балалардың әл-ауқатын бағалау нәтижелерін ескеруге мүмкіндік береді. 

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ индекс Әдістемесін әзірлеуге және апробациялауға белсенді қатысқан барлық серіктестерге, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектор сарапшыларына, педагогтарға, ата-аналар мен балаларға алғысын білдіреді.

 



Қарау саны: 1299
Сақталған: 22.12.2024



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!