ERI сарапшылары ТДМ оқшаулау бойынша
18.03.2022
14-15 наурызда "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) қызметкерлері ҚР Ұлттық экономика министрлігімен және БҰҰДБ-мен бірлесіп және Шымкент қаласы мен Қарағанды облысы әкімдіктерінің қолдауымен жергілікті атқарушы органдар үшін Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) оқшаулау бойынша бірқатар практикалық семинарлар мен ТДМ бойынша Екінші ерікті шолу жобасының таныстырылымын өткізді. Бірінші күні семинар әкімдік қызметкерлері үшін өткізілді. Таныстыру барысында Экономикалық зерттеулер институтының ТДМ жөніндегі Хатшылық қызметкерлері ТДМ ұлттандыру және оқшаулау бойынша негізгі институционалдық шараларды ұсынды. Бұдан әрі екі өңірдегі өзекті мәселелер мен шешу жолдарын анықтау, сондай-ақ ТДМ оқшаулау бойынша қажетті қадамдарды қалыптастыру бойынша интерактивті пікірталас өткізілді. Сондай-ақ, семинарға қатысушыларға ағымдағы жылдың шілде айының ортасында Жоғары деңгейдегі саяси форумда таныстырылатын Екінші ерікті ұлттық шолу жобасы ұсынылды. ERI ТДМ жөніндегі Хатшылық директоры Бақытгүл Хамбар семинар барысында
Екінші күні "Миссия 2030" іскерлік ойыны өткізілді. Оған түрлі сала өкілдері қатысты: жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қоғам өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, жеке сектор өкілдері. "Миссия 2030" ойыны Шымкент және Қарағанды қалаларындағы өзекті мәселелерді анықтауға, сондай-ақ тұрақты шешімдерді іздеуге және проактивті шараларды әзірлеуге бағытталған. Ойын нәтижелері Қазақстанда ТДМ іске асырудың одан әрі кезеңін өткізу кезінде ескерілетін болады және ҚР екінші Ерікті ұлттық шолу бөлімінде ұсынылады. ТДМ жөніндегі Хатшылық директорының орынбасары "Миссия 2030" ойынын өткізіп жатыр ERI жетекші сарапшысы Мадина Нұржанова "Миссия-2030" ойынының модераторы Ескертпе: 2019 жылы Қазақстанда алғаш рет "Миссия-2030" ойыны өткізілді. Іскерлік ойын өткізудің алдыңғы тәжірибесі көрсеткендей, "Миссия 2030" Тұрақты даму мақсаттарын оқшаулау процесінде тиімді құрал болып табылады.
Қарау саны: 1274 |
|
|