TДМ: 2-мақсат

01.04.2022

Тұрақты даму мақсаттары: 2-мақсат. Аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтануды жақсарту және ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға жәрдемдесу


Азық-түлік қауіпсіздігі – бұл барлық адамдардың белсенді және салауатты өмір сүруі үшін жеткілікті, қауіпсіз азық-түлікке физикалық және экономикалық қолжетімділігі бар жағдай. Әрбір азаматқа қауіпсіз азық-түлікке және аштықтан азат болуға қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету — бұл әрбір мемлекеттің міндеті Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Рим Декларациясында (1996 ж.) жазылған.

Сондықтан азық-түлік қауіпсіздігі ұлттық қауіпсіздіктің негізі және аграрлық секторды дамытудың маңызды бағыты болып табылады. Өйткені елдің өз азығы болмаса, ұлттық қауіпсіздіктің барлық басқа құрамдас бөліктері өз маңызын жоғалтады.


Алайда, азық-түлік қауіпсіздігі мен аштық әлі шешілмей жүрген аса маңызды мәселелердің бірі. Мәселен, БҰҰ мәліметі бойынша, 2020 жылы әлемде аштыққа шалдыққан адамдар саны 811 миллион адамға дейін жетті
, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 161 миллион адамға көп. Бұл мәселенің негізгі себебінің бірі - COVID-19 пандемиясы жаһандық экономикаға зиянын тигізіп, қолданыстағы азық-түлік жүйелерінің тиімсіздігіне алып келді. Сонымен қоса, әлемдегі парниктік газдар шығарындыларының 30%-ы және планетадағы биоәртүрлілігінің 80% жоғалтуы - азық-түлік жүйесіне тиесілі.

Азық-түлік қауіпсіздігінің алғышарттары 2010 жылы ТМД-ға мүше мемлекеттер қабылдаған «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) азық-түлік қауіпсіздігін арттыру тұжырымдамасында» көрсетілген. Осы тұжырымдамаға сәйкес, елдердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамассыз ету үшін өмірлік маңызы бар азық-түлік өнімдерін меншікті өндіру деңгейі кемінде 80% болуы тиіс.

Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінгеніне қарамастан, елімізде фермерлердің кейбір мәселелері әлі де шешімін таппады, азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлеріне (құс еті, балық, шұжық, алма, қант, құрғақ сүт) жоғары импорттық тәуелділік сақталуда. Сонымен қоса, климаттың өзгеруі де, яғни жауын-шашын мөлшерінің азаюы ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізуде. Сонымен қоса, еліміздің жалпы ішкі өнімінде ауыл шаруашылығының үлесі тек 6%, ал бұл салада жұмыспен қамтылғандардың үлесі 13% құрайды.


Аталған мәселелерді шешу үшін ауыл шаруашылығын тұрақты дамуы жолына қою қажеттілігі туындады және оның даму әлеуеті өте жоғары. Мысалы, ел аумағының 80%-ы (200 млн. га) ауыл шаруашылығы алқаптары ретінде сипатталады. Алайда, бұл аумақтың тек 40% (96 млн. га) ауыл шаруашылығында пайдаланылады. Сонымен қоса, Қазақстанның кейбір өңірлері «айналмалы экономика» қағидатын енгізуде, әсіресе мал шаруашылығындағы қожалықтар биогаз қондырғыларын пайдалану арқылы айтарлықтай жылу мен электр жүйесінің шығындарын азайтуда.

 





Қарау саны: 1425
Сақталған: 22.12.2024



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!