2022 жылғы Жоғары деңгейдегі саяси форум

07.07.2022

шілдеде Нью-Йоркте 2022 жылғы Жоғары деңгейдегі саяси форум (ЖДСФ) жұмысын бастады.

Жоғары деңгейдегі саяси форум (ЖДСФ) — бұл жыл сайынғы үкіметаралық форум, онда елдер Тұрақты даму мақсаттарын қарастырады және оларға қол жеткізудегі прогресс туралы хабарлайды.

 

ЖДСФ 2022 жылы 5 шілдеден бастап 15 шілдеге дейін «2030 жылға дейінгі кезеңге тұрақты даму саласындағы күн тәртібінің толық іске асырылуына бір уақытта ілгерілей отырып, коронавирус сырқатынан (COVID-19) кейін қалпына келуді жақсарту» ұранымен өтеді.


13
-15 шілде аралығында ТДМ бойынша Ерікті ұлттық шолуларды (ЕҰШ) таныстыра отырып, ЖДСФ-ның үш күндік министрлік сегменті өтеді. 44 ел 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы күн тәртібінің іске асырылуы бойынша ЕҰШ ұсынады.

 

Ерікті ұлттық шолу (ЕҰШ) – бұл Тұрақты даму мақсаттарының қолжетімділігіне талдау жасалған және оларды іске асырудағы сын-қатерлер анықталған құжат.

 

Қазақстан 2022 жылғы Жоғары деңгейдегі саяси форумда екінші Ерікті ұлттық шолуды таныстыратын болады.

 

Қазақстанның ТДМ жөніндегі Ұлттық ерікті шолуын ҚР Ұлттық экономика министрлігі ТДМ жөніндегі БҰҰ Бірлескен Қорының қолдауымен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-мен бірлесіп дайындады.

 

ЕҰШ дайындау үшін БҰҰ жыл сайын елдерге бес басым мақсатты ұсыналыАғымдағы жылы бұлар:

– 4 ТДМ: «Сапалы білім»;

– 5 ТДМ: «Гендерлік теңдік»;

– 14 ТДМ: «Теңіз экожүйелерін сақтау»;

– 15 ТДМ: «Құрлық экожүйелерін сақтау»;

– 17 ТДМ: «Әріптестік».

 

Екінші шолуда Қазақстан жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ҮЕҰ өкілдері, сарапшылары, азаматтар және барлық мүдделі тараптар ел бойынша жасалған көшпелі іс-шаралар шеңберінде таңдаған тұрақты даму мақсаттарына назар аударады.

 

Олардың ішінде:

– 1 ТДМ: «Кедейлікті жою»;

– 3 ТДМ: «Жақсы денсаулық және әл-ауқат»;

– 4 ТДМ: «Сапалы білім»;

– 5 ТДМ: «Гендерлік теңдік»;

– 6 ТДМ: «Таза су және санитария»;

– 8 ТДМ: «Адал жұмыс және экономикалық өсу».



Анықтамалық: 2015 жылғы 2қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде әлемдік көшбасшылар, оның ішінде, мемлекет пен үкімет басшылары 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы күн тәртібін қабылдады, оған кедейлікті жоюға, теңсіздікпен және әділетсіздікпен күресуге, сондай-ақ климаттық өзгерістермен байланысты мәселелерді шешуге бағытталған 17 Тұрақты даму мақсатынан тұратын тізім кіреді .

2019 жылғы шілдеде Нью-Йоркте Қазақстан БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Жоғары деңгейдегі саяси форумда Қазақстанның алғашқы Ерікті ұлттық шолуын таныстырды

 



Қарау саны: 1221
Сақталған: 30.10.2024



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!