ТДМ: 11-мақсат

05.08.2022

11-мақсат. Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өміршеңдігі мен экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету

Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өміршеңдігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты дамудың 17 мақсатының бірі болып табылады.

Бүгінгі таңда әлем халқының шамамен 55%-ы (4,4 млрд адам) қалалық елді мекендерде тұрады, ал 2050 жылға қарай урбанизация деңгейі шамамен 70% жетеді деп болжануда.


Дүние жүзіндегі қалалардың жалпы ауданы жер шарының (құрлықтың) 2%-ын ғана алса да, оларға дүниежүзілік жалпы ішкі өнімнің 80% және көміртегі шығарындыларының 70% астамы тиесілі. Урбанизацияның жылдамдығы мен ауқымы тұрғын үймен, инфрақұрылыммен және көлікпен қамтамасыз ету проблемаларын, сондай-ақ қақтығыстар мен зорлық-зомбылыққа байланысты проблемаларды әкеледі. 1 млрд-қа жуық адам «қалалық кедейлер» санатына жатады және негізінен қалалалардың бейресми аумақтарында тұрады.


Қалалардағы бұл қордаланған мәселелердің шешудің бір жолы- ауылда жағдай жасау. Ауыл тұрғындарының көштен қалмауы үшін оның ішінде цифрлық экономика мен цифрлық қоғамның дамуы ұсынатын мүмкіндіктерді пайдалану тұрғысынан көбірек күш салу да маңызды. Яғни қалалық пен басқа да елді мекендерде қауіпсіздік, теңсіздік, экологияға және т.б. қатысты шешімі кезек күттірмейтін көптеген жаһандық деңгейдегі проблемалар жетерлік.


Тұрақты дамудың 11-ші мақсаты тұрғылықты елді мекендердегі осындай топталған проблемаларды реттеуге бағытталған. Оның міндеттері басқа да мақсаттардың көптеген міндеттерімен ұштасып жатыр.

Бүгінгі таңда Қазақстан Орталық Азиядағы ең урбандалған ел болып табылады. Қала халқының үлесі қарқынды артып келеді. Егер 2011 жылы қала халқы республика халқының 54,7% құраса, қазір ол көрсеткіш 59,5% жетіп отыр. Яғни қала халқы 9,0 млн-нан 11,4 млн-ға жетті (2,2 млн-ға көбейген). Мұнда әсіресе ішкі көші-қон ағынының негізгі магниттері (орталықтары) болып табылатын Нұр-Сұлтан, Алматы сияқты ірі қалалардың және солардың төңірегінде орналасқан елді мекендер халқының саны қарқынды өсуде. Болжам бойынша, 2025 жылға қарай қала халқының үлесі 62,6% болады.

Негізі урбанизация біздің еліміздің мысалында айтсақ, оң үрдіс болғанымен, бұл процесті үнемі назарда ұстап тұрмаса, 2030 жылға қарай қала инфроқұрылымына қазіргіден де жоғары жүктеме түсіп, нәтижесінде қалалардағы халықтың өмір сүру сапасы төмендеп, қоршаған орта ластанып, қалалардың экологиясы одан да бетер нашарлап кетуі ықтимал.


Жалпы еліміз инфрақұрылымды дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, қоршаған ортаны қорғап, экологияны, ауа сапасын жақсарту бойынша міндеттерді жүзеге асыруға қомақты күш салып келе жатыр. Ұлттық және жергілікті деңгейде әртүрлі арнайы бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда.

Жалпыұлттық сипаттағы ең маңызды мәселелердің бірі халыққа тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Статистикаға жүгінсек, тұрғын үй құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты белсенді жүзеге асыру арқасында пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы соңғы 10 жыл ішінде 2,6 есе өсіп, 2021 жылы 16,9 млн м2 құрады (2011 жылы – 6,5 млн м2). Нәтижесінде 2011-2021 жылдар аралығында халықтың бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілуі 24,1%-ға, яғни 18,7 м2-ден 23,2 м2-ге дейін өсті. 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 26 м2 жеткізу көзделуде.


Апатты үйлерде тұратын адамдар саны да азаюда. 2011 жылы олардың саны 134,6 мың болса, 2021 жылы 25,3 мыңды құрады.


Тұрақты урбандалудың маңызды қырларының бірі – қатты тұрмыстық қалдықтардан арылу. 2016 жылы ел халқының 66,4%-ы қалдықтар мен қоқыстарды жинау және шығару қызметтерімен қамтамасыз етілсе, 2021 жылы олардың үлесі 82,0%-ға жетті. Елдің ірі қалалары – Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары бұл қызметтермен 100% қамтылған.


Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне қатысты оларды қайта өңдеу мен кәдеге жарату үлесі де артуда, 2012 жылы 1,0% құраса, 2021 жылы 21,1%-ға жетті.


Қазақстан көліктің экологиялық түрлерін пайдалануды ынталандыру мен дамытуға айрықша мән береді. Қазақстанның бірқатар ірі қаласында (Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және басқалары) қоғамдық көлік заманауи гибридті, дизельді немесе газ қозғалтқыштарымен жабдықталған автобустармен қамтылған. Толық электр қуатымен жүретін автобустар да бар. 2030 жылға дейін бүкіл қалалық жолаушы көлігі экологиялық таза отын түрлеріне көшіріледі.


Тағы бір жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалардың бірі - Орталық пен Cолтүстік Қазақстанның елді мекендерін қамтитын «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының тартылуы. Бұл жоба әлеуметтік-экономикалық әсерімен қатар осы өңірлердегі, оның ішінде елордадағы экологиялық ахуалдың жақсаруына елеулі ықпал етері сөзсіз.

Жалпы осы мақсатта көзделген міндеттердің орындау жолында елімізде қабылданып жатқан шаралар, жүзеге асырылып жатқан жобалар жетерлік. Алдағы жылдары осы бағыттағы жұмыстар қазіргіден де белсенді атқарылып, өзінің оң нәтижесін беруі тиіс.

 


—————————————————————————————————————————————————————————————————————


Telegram   



Facebook



Қарау саны: 1284
Сақталған: 05.08.2022



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!