"Экономикалық зерттеулер институты" Орнықты даму саласындағы мақсаттар туралы астаналық балалардың ақпараттандырылуын арттырады

25.02.2020

"Экономикалық зерттеулер институтының" мамандары №67 жалпы білім беретін мектепте Орнықты даму саласындағы мақсаттар туралы балалардың хабардар болуын арттыру бойынша практикалық семинар ұйымдастырды. 




8-10 сынып оқушылары Босния және Герцеговинадағы БҰҰДБ сарапшылары әзірлеген "Миссия 2030" іскерлік ойынын сәтті игерді.

№67 мектеп оқушылары "Сапалы білім беру" 4 ОДМ іске асыруға қатысты өзекті мәселелерді анықтап, жоғары білім алу құнын арзандату қажеттілігіне баса назар аударды. Мұндай міндет бөлінген гранттардың легі қажетті білім алуға тілек білдірушілердің барлығын қамтамасыз ете алмауына байланысты қойылған болатын. 

"Мемлекет болашағы жастарға байланысты болғандықтан, білім алуға бірдей мүмкіндік болу үшін жағдай жасау қажет. Мұнда ұрпағымызға қосатын үлес - бұл Қазақстанға міндетті түрде пайда алып келетін және болашақ ұрпақ үшін мысал бола алатын ұзақ мерзімді инвестициялар екенін түсінген жөн" - деп бөлісті өз бақылауларымен "Миссия - 2030" қозғалысының жас белсенділері. Сонымен қатар, оқушылар жас ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін заманауи білім берудің инновациялық және технологиялық құрамдастарын арттыру қажеттігін атап өтті.

Тағы бір маңызды міндет ретінде оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті, атап айтқанда "Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар" 16 ОДМ атап өтті. Оқушылар бұл жұмысты мектеп бағдарламалары шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың қоғамдық зияны туралы ақпараттандыру бойынша арнайы курстарды енгізу арқылы "мектеп қабырғасынан" бастау маңызды екендігімен келісті. Сонымен қатар, заңнамадағы осы мәселелерді жетілдіруге, сондай-ақ іріктеу процесінде мемлекеттік қызметшілер үшін сұхбаттасу мен тестілеудің тиімді нысандарын әзірлеуге назар аударылды. 


Балалардың зорлық-зомбылығына қарсы тұру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Оқушылар бұл проблеманың шешімін кедейшілік, білімге қол жетімділік, сондай-ақ гендерлік теңдік сияқты үш маңызды құрамдауыштармен тікелей байланыстырғаны қызықты болды. Жасөспірімдер зорлық-зомбылық туралы ойлар тұлға ретінде  қалыптасқан, білімді және жоғары мәдениетті адамның басында пайда болмайды деп санайды. 

Жас ұрпаққа халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын сақтау маңызды, бірақ сонымен қатар, өткенде қажетсіз таптаурындарды қалдырып, жаңа, прогрессивті ойлауға ұмтылу қажет. 

Балалар назар аударған келесі мәселе – бұл "Жақсы денсаулық пен әл-ауқат" 3 ОДМ іске асыру шеңберінде сапалы денсаулық сақтауды қамтамасыз ету. Оқушылар жаһандық ынтымақтастықтың, әсіресе вирустық аурулардың алдын алуда маңыздылығын атап өтті, өйткені бұл мәселеде елдер тек жеке егемендік тұрғысынан ғана әрекет ете алмайды. Барлығы кез келген ел проблемасы – бұл жағдайда бір мемлекеттің аумағында пайда болған ауыр ауру -  миллиондаған адамдардың ғана емес, бүкіл адамзаттың өміріне қауіп төндіруі мүмкін деген пікірге келді.



№ 67 мектеп оқушыларына арналған семинар-тренинг оқушылардың 2030 жылға дейінгі орнықты дамудың жаһандық күн тәртібіне  жоғары қызығушылығын көрсетті. "Экономикалық зерттеулер институтының" қызметкерлері жаһандық бастамаларды таратуда және практикалық шешімдерді іздестіруде олардың жоғары әлеуетін атап өтті.




Қарау саны: 1885
Сақталған: 28.07.2020



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!