Ағымдағы жылғы 14 қаңтарда Нұр-Сұлтан қ. Орнықты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі сараптамалық алаңның отырысы өтті. Іс – шара барысында 2019 жылдың қорытындысы шығарылды, сондай-ақ Қазақстанда Орнықты даму мақсаттарын (бұдан әрі-ОДМ) іске асыру бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Іс-шараны "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен және Қазақстандағы Азия Даму Банкінің өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырады.
Іс-шараға 5 жұмыс тобының (Адамдар, Бейбітшілік, Өркендеу, Серіктестік, Жер), сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері белсенді қатысты. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (бұдан әрі-Институт) Басқарма төрағасы Р.Сұлтанов "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ базасында сараптамалық алаңды іске қосты, ол әртүрлі стейкхолдерлерді неғұрлым өзекті мәселелерді талқылауға және орнықты даму саласындағы тиімді шараларды әзірлеуге кеңінен тартуды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Институттың Басқарма төрағасының орынбасары Ш.Жақыпова БҰҰДБ және АДБ Қазақстандағы өкілдігімен бірлескен жобаны жүзеге асыру аясында 2019 жылы жүргізілген жұмыстардың негізгі нәтижелерімен бөлісті.
Қазақстандағы БҰҰ Бағдарламасының басшысы Якуб Бериш Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне ОДМ қағидаттары мен индикаторларын интеграциялау, сондай-ақ қаржыландырудың қосымша көздерін жасау мақсатында жеке сектордың ОДМ іске асыру процесіне белсенді қатыстыру қажеттігін атап өтті. Өз кезегінде, Азия Даму Банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джовани Капаннелли Үкімет деңгейінде тиімді құрылған Үйлестіру тетігін, сондай-ақ Орталық Азиядағы ОДМ қағидаттарын ілгерілетудегі Қазақстанның маңызды рөлін атап өтті.
Сондай-ақ, іс-шара барысында үкіметтік емес ұйымдар мен сараптамалық қоғамдастық Қазақстанда ОДМ-ды оқшаулау бойынша өз ұсыныстары мен пайымын ұсынды, оларды пысықтау ағымдағы жылы "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ базасында сараптамалық алаңның басым міндеттерінің бірі болып табылады.