"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ пікір-талас клубының жұмысы шеңберінде "Ұлттық бюджетпен ОДМ қаржыландыруының келісімділігін талдау бойынша алдын ала нәтижелер" тақырыбында талқылау семинары өтті
"Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының сарапшысы Дамудың қаржыландырылуын бағалаудың талдамалық модулінің 5 құрамдауыштарының алғашқы екеуі бойынша жасалған жұмыстың қорытындысын ұсынды. Алғашқы екі құрамдауыштың шеңберінде қолжетімді мемлекеттік және жеке ресурстардан дамуды қаржыландыру жүйесі, сондай-ақ Қазақстанда жоспарлау мен қаржыландыру процестерінің интеграциясы мен арақатынасы талданады. Сарапшы соңғы жылдары дамытуды қаржыландыруда мемлекеттік қаржыландыру көздері басым болып отырғанын айтып кетті. Шетелдік инвестициялар мен жеке коммерциялық инвестициялар сияқты қаржы көздері дамуды қаржыландырудағы ең аз үлесті және қосындыда мемлекеттік үлестен едәуір төмен үлесті құрайды. Осылайша, қаржыландыру көздерін әлсіз әртараптандыру елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын дамытуға инвестициялау үшін мемлекеттің әлеуетін едәуір төмендетеді.
Елена Данилова - Кросстың айтуынша ұлттық бюджетті Жылдам кешенді бағалау (бұдан әрі - ЖКБ) әдістемесі бойынша бағалау ҚР стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының ОДМ міндеттеріне 79,9%-ға сәйкестігін анықтаған бұрынғы талдаудың жалғасы болып табылады.
Жалпы, бұл әдістеме ұлттық бюджеттің ОДМ-мен келісу дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. Осы бюджеттің ЖКБ неғұрлым дәл жүзеге асыру үшін тиімді жұмыс істейтін бағдарламалық бюджеттеудің болуы қажет, бұл бағдарламаларға бөлінетін қаржы қаражатын ОДМ-ның белгілі бір міндеттерімен байланыстыруға мүмкіндік береді.