ОДМ іске асыру жөніндегі субөңірлік форум
03.09.2020
2020 жылдың 2-4 қыркүйегінде ОДМ іске асыру бойынша Субөңірлік форум өтуде.
Іс-шара жыл сайынғы негізде Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссия (АТМЭӘК) мен серіктестерге үкіметтерге, азаматтық қоғамға, академиялық топтарға, бизнес пен бұқаралық ақпарат құралдарына субөңірлік басымдықтарды бірлесіп зерттеудің және Солтүстік пен Орталық Азия елдерінде Орнықты даму мақсаттарын іске асыруда тәжірибе алмасудың бірегей мүмкіндігін беру мақсатында өткізіледі. Экономикалық зерттеулер институты тарапынан Стратегиялық әзірлемелер және тұрақты даму орталығының директоры Бақытгүл Хамбар қатысты. Талқылаудың негізгі мәселелері мыналар болды: - COVID-19 пандемиясынан кейінгі «жаңа норма» және Солтүстік пен Орталық Азияда «бұрынғыдан жақсы» қағидаты бойынша қалпына келтіру - Солтүстік және Орталық Азия экономикасы мен қоғамының орнықты және инклюзивті трансформациясы, сондай-ақ болашақ дағдарыстарды болдырмау мен оларға дайындық жолдары ЭЗИ сарапшысы ОДМ іске асыру бойынша алғашқы Ерікті ұлттық шолуды дайындауда қазақстандық тәсілді таныстырды, сондай-ақ ОДМ оқшаулаудың маңызды сәттерін белгіледі: 1. Нақты ОДМ-ге байланыстыра отырып, толық ақпарат беру қажеттілігі; 2. ОДМ-ды іске асырудың оң жақтарын ғана емес, проблемалық жақтарын да көрсету; 3. Талдаманы статистикалық деректермен сүйемелдеу; 4. Елде іске асырылған нақты жобаларды, кейстерді ұсыну; 5. ОДМ-ды іске асыру процесіне халықтың әртүрлі топтарының қатысуын көрсету. Қазақстанның алғашқы ЕҰШ дайындау процесінде алған тәжірибесі басқа елдерге өздерінің Ерікті ұлттық шолуларын ұсынуға көмектеседі.
Қарау саны: 1771 |
|
|