ERI сарапшылары мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы бойынша диалог алаңына қатысты

22.12.2022

2022 жылғы 19 желтоқсанда Астанада "Мемлекет және азаматтық қоғам: сындарлы диалог?" диалог алаңы өтті, оның шеңберінде жыл қорытындысы шығарылып, мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өзара іс-қимылының жаңа үрдістері белгіленді.

Мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Ұйымдастырушылар "АРГО" Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы", Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болды.


"АРГО" Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығының" директоры Жамилә Асанова азаматтық сектордың өкілі бола отырып, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы диалогтың жаңа тетігін қалыптастырудың шұғыл қажеттілігін атап өтті.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет өзінің сәлемдесу сөзінде қатысушыларды азаматтық қоғамды дамыту саласында жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелерімен таныстырды, атап айтқанда, осы саладағы мемлекеттің заңнамалық бастамалары туралы айтып берді.

Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Йоханнес Рай конференция қатысушыларына қордың жұмысы мен бастамалары және Қазақстан ұйымдарының жемісті ынтымақтастығы туралы айтып берді.

Конференция екі диалог алаңынан тұрды. 

Бірінші диалог алаңында іс-шараға қатысушылар "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іс жүзінде іске асыру, азаматтық қоғамның сындарлы сұраныстарына мемлекеттің ден қоюы, азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы, азаматтық бастамаларды дамыту үшін жаңа сын-қатерлер мен үрдістер және азаматтық қоғам ұйымдарының қызметін мемлекеттік қаржыландырудың әлеуметтік әсері мен сын-қатерлері сияқты мәселелер бойынша пікір алмасты.

Спикерлер қазіргі кезеңдегі мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы барлық өзекті мәселелерді қозғады. Іс-шара барысында қатысушылардың әрқайсысы өз пікірлерін білдіруге және спикерлерге сұрақ қоюға мүмкіндік алды.

Екінші диалог алаңы World Cafe форматында өтті. Іс-шараға қатысушылар өз қызметінің түріне байланысты бағыттар бойынша 5 топқа бөлінді: 
  • Бірінші топта халықтың осал топтарын, оның ішінде экологиялық қолайсыз аумақтардағы халықты әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды.
  • Екіншісінде- елдегі азаматтық қоғамды дамытудың өзекті мәселелері: азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы, азаматтық қоғам институттарын мемлекеттік қаржылай қолдау, азаматтық сектордағы мотивация, этика және көшбасшылық.
  • Үшіншісі-адам құқықтары мен гендерлік теңсіздік мәселелері.
  • Төртіншіде-Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу және жергілікті аумақтарды дамыту мәселелері. 
  • Бесіншіде, климат пен су мәселелеріндегі экологиялық саясат.

ERI сарапшылары төртінші топқа тартылды, онда Қазақстанда ТДМ-ға қол жеткізу үшін негізгі стейкхолдерлердің бірлескен іс-қимылдарының басымдықтары мен жеделдетілуін талқылады.

Талқылау барысында Экономикалық зерттеулер институтының Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директоры Бақытгүл Хамбар Институттың көшпелі іс-шараларының қорытындысы бойынша өңірлер бөлінісіндегі өзекті ТДМ туралы ақпаратты ұсынды. Ол азаматтық қоғамның ТДМ іске асыруға қатысуының маңыздылығын атап өтті.

«Азаматтық қоғамның мүдделерін білдіретін ұйымдар мен белсенділер ұлттық және жергілікті деңгейде ТДМ мониторингі мен іске асыруда шешуші рөл атқара алады».


Нәтижесінде топ мүшелері елде ТДМ-ны одан әрі ілгерілету үшін ұсыныстар әзірледі. Талқылау аяқталғаннан кейін әр топ өз топтарында атқарылған жұмыстардың қорытындыларын таныстырды.



Қарау саны: 1085
Сақталған: 22.12.2024



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!