«Орталық Азия елдері үшін ТДМ өңірлік ақпараттық платформасын құру» жобасы аясында ТДМ индикаторларын үйлестіру және валидациялау бойынша семинарлар сериясы жалғасуда.
2023 жылдың 6-10 қарашасы аралығында Түркіменстанда «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ сарапшылары семинарлар өткізді.
Анықтама үшін: семинарлар Еуропалық Одақ қолдауымен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының «Орталық Азия елдері үшін Өңірлік ТДМ платформасын құру» аймақтық жобасы аясында ұйымдастырылды. Жобаны БҰҰДБ Стамбул аймақтық орталығының техникалық қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономикалық зерттеулер институты жүзеге асыруда.
Онлайн форматтағы аймақтық ақпараттық платформаның жобасын БҰҰ Даму бағдарламасының Стамбул аймақтық орталығының жасыл экономика және жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша маманы Михаил Пелях таныстырды. Тұрақты даму мақсаттары хатшылығының директоры Бақытгүл Хамбар және Экономикалық зерттеулер институты Тұрақты даму мақсаттары хатшылығының жетекші сарапшысы Мәдина Нұржанова ТДМ ұлттық мақсатты көрсеткіштері мен индикаторларын талдау нәтижелерін және олардың өзара байланысына көзқарастарды таныстырды. Семинар барысында ТДМ индикаторлары мен ұлттық серіктестер арасындағы қарым-қатынастар талқыланып, келісілді. Семинарға қатысушылар арасында Түркіменстандағы ТДМ жүзеге асыруға жауапты министрліктер мен ведомстволардың өкілдері болды.
Талқылау барысында сарапшылар метадеректердегі жаңартуларды ескере отырып, ұлттық көрсеткіштерді қайта қарау және жаңарту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Семинарлардың соңғы күні БҰҰДБ-ның Түрікменстандағы тұрақты өкілі Наринэ Сахакян ханым мен Қазақстандағы Экономикалық зерттеулер институтының Тұрақты даму мақсаттары хатшылығының директоры Бақытгүл Хамбар ханыммен кездесу өтті. Кездесуге БҰҰДБ-ның Түрікменстандағы өкілдері Ирина Гукасова, Ақмұрат Данатаров және Экономикалық зерттеулер институтының жетекші сарапшысы Мәдина Нұржанова қатысты.
Кездесу барысында Б.Хамбар ханым Орталық Азия елдері үшін ТДМ аймақтық ақпараттық платформасын құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Тараптар Түркіменстан мен Қазақстанда қаржыландыруды жедел кешенді бағалауды, біріктірілген ұлттық қаржыландыру тетігін және басқа да бірқатар жобаларды жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы пікір алмасты.
Орталық Азия елдері үшін ТДМ аймақтық бақылау тақтасын құру аймақтағы ТМД-ға қол жеткізудегі прогресті бақылау және талдау үшін Орталық Азия аймағында тәжірибе алмасуға және статистикалық әлеуетті нығайтуға ықпал етеді.