Тәжікстанда ТДМ ақпараттық платформасы жобасын талқылау бойынша семинар өтті
20.11.2023
Ағымдағы жылдың 15-17 қараша аралығында Душанбе қаласында (Тәжікстан) ТДМ көрсеткіштерін және олардың өзара байланысын келісу және валидациялау бойынша кезекті семинар өтті. Семинарды ұйымдастыруда Тәжікстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі мен Тәжікстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) қолдау көрсетті. Бұл іс-шара Орталық Азия елдері үшін ТДМ өңірлік ақпараттық платформасын құру жобасы шеңберінде өтуде. Жоба БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасымен және Еуропалық Одақтың қолдауымен Экономикалық зерттеулер институтымен жүзеге асырылуда. Айта кету керек, БҰҰДБ Стамбул өңірлік хабы техникалық қолдау көрсетеді. Семинарға Тәжікстандағы орталық мемлекеттік органдар мен БҰҰДБ өкілдері қатысты. Семинарды ашқан Тәжікстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Аумақтық даму және ұлттық бағдарламалар мониторингі басқармасының бастығы Камолиддин Бози мырза өткізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, ТДМ міндеттерінің 80% - і Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарымен қамтылған. Экономикалық зерттеулер институтынан семинарды өткізуге ТДМ Хатшылығының өкілдері Бақытгүл Хамбар мен Анас Әбуов, БҰҰДБ Стамбул өңірлік хабынан-Михаил Пелах мырза қатысты. БҰҰДБ Стамбул өңірлік хабының Жасыл экономика және жұмыспен қамту жөніндегі бағдарламалық маманы Михаил Пелах іс-шараға қатысушыларды өңірлік Платформа тұжырымдамасымен және мониторинг жөніндегі дерекқормен жұмыс жөніндегі нұсқаулықпен таныстырды. Экономикалық зерттеулер институтының ТДМ хатшылығының директоры Бақытгүл Хамбар Тәжікстанның ТДМ ұлттық индикаторларын талдау нәтижелерін және ТДМ міндеттері мен индикаторларының өзара байланысын талдаудың негізгі тәсілдерін айтты. Семинар барысында Тәжікстанның орталық мемлекеттік органдарының өкілдерімен бірлесіп ТДМ индикаторлары мен міндеттерін іске асыруға әсер ететін факторлар талданды. Сондай-ақ мониторинг үшін ТДМ индикаторларының деректер базасының жобасына түзетулер енгізілді. Сондай-ақ, іс-шара аясында БҰҰДБ-ның Тәжікстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Лазима Онта-Бхатта ханым және Тәжікстандағы БҰҰДБ қызметкерлері семинарды ұйымдастырушылармен кездесті. Кездесу барысында жоба аясындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланып, ТДМ іске асыруға қатысты пікір алмасылды. Анықтама: Орталық Азия елдерінде ТДМ-ға қол жеткізу жөніндегі өңірлік ақпараттық панельді құру және іске қосу тұрақты даму трендтерін қадағалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ Орталық Азия өңірінде тәжірибе алмасуға және статистикалық әлеуетті нығайтуға ықпал ететін болады. Сонымен қатар, елдер осы бақылау тақтасын аймақтағы ТДМ жетістіктерін талдау үшін, сондай-ақ трансшекаралық мәселелерді шешу үшін пайдаланады деп күтілуде.
Қарау саны: 633 |
|
|