14 қарашада онлайн форматта Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) жетуді бақылау комитетінің 10-шы отырысы өтті. Отырысқа орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының өкілдері қатысты.
Отырыс ТДМ-ды жергілікті деңгейде іске асыру мәселесіне арналды.
Іс-шараны ашқан ҚР Ұлттық экономика министрлігінің әлеуметтік сала, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Н.А. Жанназарова 2024 жылғы 28 қазанда өткен ТДМ бойынша Координациялық кеңестің 8-шы отырысының қорытындысы бойынша ТДМ-ды жергілікті деңгейде іске асыруды күшейту тапсырмасы берілгенін еске салды.
Н.А. Жанназарованың айтуынша, елімізде 2022 жылдан бері осы бағытта кезең-кезеңімен жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы ТДМ-ды жергілікті деңгейде іске асыру бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленіп, 2024 жылғы 2 қазанда ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен бекітілді.
Әдістемелік ұсыныстардың негізгі нормаларымен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ТДМ бойынша хатшылығының директоры Б. Хамбар таныстырып, бұл құжаттың ТДМ-ды жергілікті деңгейде жүзеге асыру барысында маңыздылығын атап өтті.
Отырыс қорытындысында Н.А. Жанназарова барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, ТДМ-ды жергілікті деңгейде жүзеге асыру бойынша Координациялық кеңестің төрағасының тапсырмасына және бекітілген әдістемелік ұсыныстарға сәйкес жұмыс жүргізуді жандандыруға шақырды. ТДМ бойынша хатшылыққа жергілікті атқарушы органдарға қажетті қолдау көрсету тапсырылды.