Тұрақты даму мақсаттары бойынша Үйлестіру кеңесінің 8-отырысы

29.10.2024

2024 жылғы 28 қазанда ҚР Ұлттық экономика министрі – Премьер-Министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаровтың төрағалығымен Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша Үйлестіру кеңесінің 8-отырысы өтті.

Отырысқа орталық мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында ҚР Ұлттық экономика министрі – Премьер-Министрдің орынбасары мемлекет басшысының ТДМ-ға қол жеткізуді Қазақстан үшін ұлттық басымдық ретінде айқындағанын атап өтті.

Нұрлан Байбазаров ТДМ қағидаттарын енгізу ең алдымен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, үздік халықаралық стандарттарды қабылдауға және еліміздің халықаралық имиджін нығайтуға бағытталғанын айтты.

БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа өз сөзінде екі маңызды іс-шараға ерекше тоқталды: 2025 жылы Жоғары деңгейдегі саяси форумда Ерікті ұлттық шолуды (ЕҰШ) таныстыру және ТДМ бойынша үшінші Өңірлік саммитті өткізу. Ол ЕҰШ дайындауды аймақтарға сапарларды қоса отырып, талқылау арқылы жетілдіруге болатынын атап өтті.

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Баур өз сөзінде климаттың өзгеруі мәселелеріне назар аударды. Сонымен қатар ол Транскаспий дәлізін ілгерілету, интернетке ауылдық жерлерде қолжетімділікті арттыру үшін Қазақстанмен ынтымақтастықты күшейтуге дайын екенін білдірді.

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов ТДМ ұлттық индикаторларын жаңарту бойынша атқарылған жұмыс туралы баяндама жасады және жаңартылған ұлттық индикаторлар тізімін таныстырды. Сондай-ақ ол мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне сәйкес, ұлттық индикаторлардың стратегиялық және аймақтық даму құжаттарына енгізіліп жатқанын хабарлады.

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарма төрайымы Әсел Сәрсенбаева 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы күн тәртібін іске асыру бойынша үшінші Ерікті ұлттық шолуды дайындау жоспарын таныстырды. Шолу 2025 жылдың шілде айында Жоғары деңгейдегі саяси форумға ұсынылады. Әсел Сәрсенбаева үшінші шолуды әзірлеу барысында ТДМ-ды аймақтарда локализациялауға және халықтың пікірін ескеруге ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті. Бұл шара тұрақты дамудың негізгі қағидасын – "Ешкімді артта қалдырмау" қағидасын іске асыруға бағытталған.

БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов ТДМ бойынша үшінші Өңірлік саммитке дайындық мәселелеріне назар аударды. Саммит 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді деп жоспарлануда. С. Ходжиматов алдағы саммитті тек Үкімет үшін ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия елдерінің Парламенттері үшін диалог алаңы ретінде өткізуді ұсынды.

ТДМ бойынша Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша:
  • 2030 жылға дейінгі ТДМ ұлттық индикаторларының жаңартылған тізімін бекіту;
  • Үшінші ЕҰШ дайындау жоспарын бекіту ұсынылды.

Үйлестіру кеңесінің төрағасы Нұрлан Байбазаров кеңес мүшелеріне үшінші Ерікті ұлттық шолуды дайындау жоспары бойынша іс-шараларды сапалы орындауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдарға Қазақстандағы БҰҰДБ-ға ТДМ бойынша үшінші Өңірлік саммитті өткізуге қажетті қолдау мен көмек көрсету жүктелді.



Қарау саны: 50
Сақталған: 22.12.2024



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!