Үшінші ерікті ұлттық шолу жобасын әзірлеу бойынша талқылау

14.01.2025

2025 жылғы 14 қаңтарда онлайн-форматта Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді мониторингілеу жөніндегі комитеттің кезекті отырысы өтті. Іс-шара Қазақстанның Үшінші ерікті ұлттық шолу жобасын дайындауға арналды.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика, ағарту, ғылым және жоғары білім министрліктерінің өкілдері, ҰЭМ жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері, «MIND» аналитикалық орталығы (Maqsut Narikbayev University) және БҰҰДБ өкілдері қатысты.

Модератор ретінде ҚР ҰЭМ Әлеуметтік сала, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Жанназарова Нұргүл Алмасқызы сөз сөйледі. Ол ұлттық шолуды қалыптастыру барысында барлық қатысушылардың өзара әрекеттестігінің маңыздылығын атап өтіп, процесте қоғамды белсенді тартудың қажеттілігін ерекше атап өтті.

Отырыс аясында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның ТДМ хатшылығының директоры Хамбар Бақытгүл Қазақстанның Үшінші ерікті ұлттық шолу жобасын дайындау барысы туралы баяндама жасады. Қатысушылар шолу құжатының құрылымын талқылап, алдағы жоспарлар мен ықтимал сын-қатерлерді белгіледі.

Сонымен қатар, жастарды ТДМ іске асыру процесіне белсенді тарту бойынша бастамалар мақұлданды. Олардың аясында балалар мен студенттер Қазақстанның тұрақты дамуы мен болашағы туралы өз көзқарастарын эссе және сурет байқаулары арқылы көрсете алады.

Отырыста Қазақстанның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі прогресін көрсететін Үшінші ерікті ұлттық шолуды дайындау үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктірудің маңыздылығы аталды.



Қарау саны: 46
Сақталған: 20.01.2025



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!