Балалардың әл-ауқат индексін жетілдіру жөніндегі Жұмыс тобының алғашқы отырысы

29.01.2025

2025 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Балалардың әл-ауқат индексі әдістемесін жетілдіру жөніндегі Жұмыс тобының алғашқы отырысын ұйымдастырды. Аталған Индекс 2022 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен бекітілген. Отырыс онлайн форматта өтті. 

Отырыста орталық мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми мекемелер мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. 

Экономикалық зерттеулер институтының атынан отырысқа Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылықтың директоры Бақытгүл Хамбар, осы Хатшылықтың жетекші сарапшысы Қарлығаш Болат, сондай-ақ Өңірлік зерттеулер және өмір сапасы орталығының жетекші сарапшысы Шынар Төлешова қатысты. 

Айта кету керек, Балалардың әл-ауқат индексінің әдістемесі 2021 жылы Экономикалық зерттеулер институты, ЮНИСЕФ және ҚР ОАМ БҚҚК бірлесіп әзірлеген. 

Бақытгүл Хамбар «Балалардың әл-ауқат индексі – ТДМ мониторингінің құралы ретінде» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде ол Индекстің әзірлену тарихы мен оны оңтайландырудың негізгі кезеңдеріне тоқталды. 

Сондай-ақ, ол Индексті жетілдіру бойынша ұсыныстарды ұсынды. Атап айтқанда, балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан балаларды қамтуды кеңейту, мамандардың біліктілігін арттыру және балалардың тамақтануы мен инклюзивті дамуына қатысты индикаторларды қайта қарау мәселелеріне өзгерістер енгізу ұсынылды. 

Бұдан бөлек, Индекстің нәтижелерін жыл сайын есеп түрінде жариялаудың маңыздылығы атап өтілді. 

Отырыс барысында қатысушылар пікір алмасып, сұрақтар қойып, Индексті одан әрі жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын білдірді.



Қарау саны: 32
Сақталған: 05.02.2025



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!