Жаз, арманда, әлемді өзгерт: Тұрақты даму бойынша эссе байқауы
18.02.2025
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ЭССЕ КОНКУРСЫ! Достар! Сіздерде
Біріккен Ұлттар Ұйымының Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізуге
өз үлесіңізді қосудың бірегей мүмкіндігі бар. Осыған байланысты, Сіздерді Орнықты даму саласындағы күн тәртібі
2030-ды дамытуға және іске асыруға өз үлесіңізді қосуға шақырамыз. 14-18 жастағы оқушылар Не істеу
керек? «Болашақты орнықты
дамыту» эссесін жазу Ескертпе: Орнықты даму – бұл адамдар өмір бүгін де, болашақта да ыңғайлы болуы
үшін табиғатты, экономиканы және қоғамды бір уақытта дамытатын кезде орын алады. Сенде өз еліңнің және бүкіл әлемнің болашағына әсер етудің бірегей
мүмкіндігі бар! Осы конкурсқа қатыса отырып, сен
ертеңгі күнді қалай көретінің туралы өз ойыңмен бөлісе аласың. Армандаған әлеміңді сипаттап, оны ақиқатқа айналдыруға қандай қадамдар көмектесетіні
туралы айтып бер. Сенің идеяң басқаларды шабыттандырып, жақсы болашаққа қарай
үлкен қозғалыстың бір бөлігіне айнала алады! Біз әрбір эссені мұқият оқып, қазылар алқасының әділ бағалайтынына кепілдік береміз. Саған осы шығармашылық сапарда сәттілік тілейміз! Құрметпен, Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық командасы Кіріспе: Қай мәселе саған ең маңызды болып көрінеді (мысалы, су мен ауаның ластануы, пластиктің шамадан тыс көптігі)? Бұл неге зиянды? Негізгі бөлім: Бұл мәселені қалай шешуге болады? Кім көмектесе
алады – адамдар, мектептер, қалалар? Бұған дейін шешім табылған мысалдарды
келтір. Қорытынды: Елестетші, сенің идеяларың жүзеге асты. Әлем қалай
өзгереді? Не жақсарады? Эссе тақырыптарының
мысалдары: ОДМ 1: Кедейліксіз әлем ОДМ 2: Ешкім аш қалмауы
керек! ОДМ 3: Денсаулық – сәнді! ОДМ 4: Армандағы мектеп ОДМ 5: Барлығы үшін тең
мүмкіндіктер ОДМ 6: Таза су – таза болашақ ОДМ 7: Болашақ энергиясы ОДМ 8: Армандаған жұмыс ОДМ 9: Өмірді өзгертетін
жаңалықтар ОДМ 10: Шекарасыз әлем ОДМ 11: Болашақ қаласы ОДМ 12: Қоқыссыз өмір ОДМ 13: Ғаламшар қауіпті
жағдайда! ОДМ 14: Мұхиттарды сақтайық! ОДМ 15: Табиғатқа күшін
қайтарайық ⚖ОДМ 16: Соғыссыз және
жанжалсыз әлем ОДМ 17:
Бірлікте – күш! Техникалық талаптар: Көлемі: 7-8 сыныптар:
200-300 сөз 9-10 сыныптар:
300-500 сөз 11-12 сыныптар:
500-700 сөз Тілі: қазақ,
орыс немесе ағылшын Рәсімдеу форматы: Эссені қолмен жазуға немесе Microsoft Word бағдарламасында теруге
болады Қаріп:
Times New Roman Қаріп өлшемі:
14 Жоларалық интервал: 1,5 Тегістеу: ені бойынша Бірінші жолдың шегінісі: 1,25 см Өрістер: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2
см,сол жақ – 3 см, оң жақ – 1,5 см
Тақырыпты рәсімдеу: Оң жақ
жоғарғы бұрышта келесі ақпаратты көрсетіңіз: тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда), сынып, мектеп, қала, байланыс телефон (болған жағдайда), электрондық
пошта (болған жағдайда)
Конкурсты өткізу мерзімдері: 2025 жылғы 18 ақпан - 3
наурыз
Нәтижелерді жариялау: 2025 жылғы 26 наурызға дейін
Жұмыстың сканерленген
нұсқасын немесе фотосын мына электрондық поштаға жіберіңіз: 17maqsat@gmail.com
Байқау жеңімпаздары құнды сыйлықтармен марапатталады! Анықтама үшін телефон нөмірлері: 8 (7172) 28-02-51 (Қарлығаш Болат) 8 (7172) 28-07-10 (Мадина Нуржанова) Өз
идеяларыңмен бөлісу мүмкіндігін жіберіп алма және жарқын болашақ құруға көмектес!
Қарау саны: 81 |
|
|