Экология және жасыл экономика мәселелері

16.09.2020

2020 жылғы 23 қыркүйекте «Қазақстандағы «Жасыл өсу»: экономиканы экологияландыру» Орнықты даму мақсаттары бойынша онлайн-конференция өтеді.  


«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ экология және жасыл экономика мәселелерін талқылауға саланың жетекші сарапшыларын шақырады.  

Іс-шара спикерлерінің бірі «Жасыл академия» Ғылыми-білім беру орталығының директоры Бақыт Есекина «ЭЫДҰ-ның жасыл өсу индикаторлары» тақырыбында баяндама жасайды.

Пандемия мен экономикалық дағдарыс қоршаған ортаның өзекті мәселелеріне көлеңке түсіріп, қоғамның назарын аударды. Алайда, туындаған жағдайда олар бұрынғыдан да өзекті болып отыр. Ұлттардың салауатты болашағы экологиямен тікелей байланысты, ал жасыл экономика қаржылық өркендеудің негізгі факторларының бірі болып табылады.

Қазіргі заман талабына сай болу - табиғи ресурстық экономикалық базаның өсуіне жәрдемдесетін технологияларды енгізу -  қаншалықты маңызды екенін айтудың қажеті жоқ шығар. Жасыл экономика адам өмірінің биологиялық және материалдық жағынан жақсаруына алып келеді.

Алайда, «жасыл» бағытты дамыту үшін қаржы, экономика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы министрліктерінің және басқа да ведомстволардың үйлесімді іс-қимылдары қажет, олардың саяси шаралары қоршаған ортаға әсер етеді және жасыл өсуге ықпал етуі мүмкін.

Осыған байланысты экожүйелерді қалпына келтіруге, озық технологияларды енгізу және жасыл қаржыны жұмылдыру есебінен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған ҚР Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы өзара іс-қимылдың «Жасыл» платформасы іске қосылды. ЭЫДҰ-ның«жасыл» өсуінің 54 индикаторы негізінде Қазақстан 30 индикатор әзірледі, олардың көпшілігі енгізілді.
Осы және басқа да мәселелер туралы біз конференцияда сөйлесетін боламыз! Жіберіп алмаңыз!

Келесі сәрсенбі, 23 қыркүйек, сағат 11: 00-де институттың YouTube каналында тікелей эфир болады.


Қарау саны: 2899
Сақталған: 18.09.2020



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!