2025 жылғы 20 маусымда Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық БҰҰ-ның Жоғары деңгейдегі саяси форумында 2025 жылы Тұрақты даму мақсаттары бойынша Ерікті ұлттық шолуды ұсынатын елдер үшін БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) ұйымдастырған вебинарға қатысты.
Қазақстаннан
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұрақты
даму мақсаттарын үйлестіру басқармасының
өкілдері, "Экономикалық зерттеулер
институты" АҚ ТДМ
жөніндегі
Хатшылығының
қызметкерлері, "Алматы қаласын дамыту
орталығы" АҚ және Қазақстандағы БҰҰ
Елдік
кеңсесінің өкілдері қатысты.
Бірінші
сессия аясында елдер ағымдағы мәртебе,
соңғы жетістіктер, өзекті сын-қатерлер
және негізгі басымдықтар туралы ақпаратты
қоса алғанда, шолуды дайындау тәжірибесімен
бөлісті.
"Экономикалық
зерттеулер институты" АҚ Тұрақты
даму мақсаттары жөніндегі Хатшылығының
директоры Бақытгүл Хамбар Қазақстанның
үшінші Ерікті
ұлттық шолуын дайындау жөнінде
презентация
жасады. Бақытгүл Хамбар ағымдағы Шолуда
ТДМ-ын
жергілікті
деңгейде жүзеге асыруға,
сондай-ақ "Ешкімді
артта қалдырмау"
қағидатын іске
асыру мақсатында,
үкіметтік емес ұйымдарды, жастар мен
оқушыларды тартуға баса назар аударылғанын
атап өтті.
Бұл тұрғыда жастар арасындағы сауалнама
нәтижелері және Шолуды дайындау барысында
мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу
тәжірибесі ұсынылды. Сондай-ақ, ТДМ-ын
іске асырудың жүйелі мониторингі үшін
әдіснаманың болмауы және бизнес-сектордың
үлесі бойынша дерекқордың жеткіліксіздігі
сияқты кедергілер белгіленді.
Бутан
өкілі Шолуды дайындаудың қазіргі
жай-күйімен, оны БҰҰ-ның Жоғары деңгейдегі
саяси форумында ұсыну және 2025 жылғы
шілдеде қосымша іс-шараларға қатысу
жоспарларымен бөлісті.
Малайзия
өкілі Фахрул-Ке мырза Малайзияның ТДМ
жөніндегі Орталығы министрліктермен
бірлесіп, Шолуды дайындауды жүзеге
асыратынын айтты. Ол елдің стратегиялық
құжаттары, соның ішінде Малайзияның
2020-2026 жылдарға арналған Даму жоспары
ТДМ-ын ескеріп әзірленгенін және
мемлекеттік саясаттың басымдықтары
БҰҰ ТДМ-на сәйкес келетінін атап өтті.
Сонымен қатар, Малайзия БҰҰ дерекқорында
орналастырылған 15 Ерікті жергілікті
шолуды дайындады.
Вебинардың
екінші сессиясы ТДМ-ын жергілікті
деңгейде жүзеге асыру тәжірибесіне
арналды. Оның аясында "Алматы қаласын
дамыту орталығы" АҚ Талдау орталығының
директоры Диас Құмарбеков Алматы
қаласына Ерікті жергілікті шолуды
дайындау туралы презентация ұсынды. Ол
биыл екінші жергілікті шолуды дайындау
бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын
және Қазақстан Орталық Азиядағы осындай
бастаманы жүзеге асыратын жалғыз ел
екенін атап өтті. Бұл ретте, шолуды
дайындаудағы негізгі мәселелердің
бірі, ұлттық деңгеймен салыстырғанда,
жергілікті (қалалық) деңгейде егжей-тегжейлі
статистиканың болмауы болып қала береді.
ЭСКАТО
өкілі Омар Сиддик мырза Азия, Орталық
Азия және Тынық мұхиты аймақтары үшін
ТДМ-ын жергілікті деңгейде жүзеге асыру
маңызын атап өтті. Үндістанның мысалында
ол академиялық сектор мен жергілікті
атқарушы органдардың жергілікті
шолуларды дайындаудағы ынтымақтастығының
тиімділігін атап өтті. Сондай-ақ, ол
ТДМ-ын жергілікті деңгейде жүзеге асыру
мәселелерін жергілікті жерлерде іске
асыру тиімділігін арттыру үшін ұлттық
деңгейде ілгерілету орындылығы туралы
да пікір білдірді.
Сиддик
мырза Малайзия мен Индонезиядағы
Жергілікті атқарушы органдар
қауымдастығының қалалардың тұрақтылығын
дамытуға бағытталған табысты жұмысын
атап өтті. Сонымен қатар, ол онлайн-курстардан
өту үшін ЭСКАТО интернет-платформасының
болуы және ТДМ-ын қалалар мен аумақтар
деңгейінде жергілікті деңгейде жүзеге
асыру бойынша техникалық қолдау алу
мүмкіндіктері туралы хабардар етті.
Вебинардың
қорытынды бөлімінде ЭСКАТО өкілі
ағымдағы жылғы 18 шілдеде Шолуды күшейту
бөлігінде тәжірибе алмасу бойынша
вебинар, сондай-ақ Ерікті ұлттық шолулар
ұсынылғаннан кейінгі қызметке арналған
тамызда вебинар өткізіледі деп хабарлады.