2025 жылғы 18 маусымда Алматы қаласында БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Жаһандық шартының көп елдік кеңсесінің ресми ашылуы өтті. Өңірлік кеңсені ашу алғышарты - Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары.
БҰҰ-ның жаңа Өңірлік
орталығын ашу халықаралық және өңірлік
күш-жігерді үйлестіру, білім
және озық тәжірибелермен алмасу,
техникалық көмек көрсету және бірлескен
жобаларды іске асыру үшін стратегиялық
платформа құруға бағытталған. Жаңа алаң
Орталық Азия өңірі елдерінде БҰҰ-ның
Орнықты даму мақсаттарын іске асыруға
жәрдемдесуге бағытталған. Кеңсе қызметі
Орнықты
даму мақсаттарын іске асыруды қолдауға
және оларды бағдарламалық және шарттық
құжаттарға, корпоративтік және операциялық
процестерге біріктіруге бағытталады.
Ашылу салтанаты
БҰҰ құрылымының бірқатар өкілдерінің,
соның
ішінде
Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты
үйлестірушісінің міндетін атқарушы
Стивен О'Малли, Жаһандық операциялардың
жетекшісі Оле Лунд Хансен, Қазақстан
Республикасы Президентінің көмекшісі,
БҰҰ Жаһандық шарты консультативтік
кеңесінің мүшесі Тамара Дуйсенова, Таяу
Шығыстың, Шығыс Еуропаның және Орталық
Азияның өңірлік басшысы Анита Лебиар
қатысуымен өтті.
Ашылу салтанатында
ерекше тапсырмалар бойынша елші
-
ҚР Сыртқы
істер министрлігі өкілдігінің басшысы
Жәнібек Әбдірашов сөз сөйледі. Өз сөзінде
спикер Көп
елдік желінің іске қосылуы үкіметтердің,
бизнес құрылымдардың және азаматтық
қоғамның адам құқықтары, қоршаған ортаны
қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл сияқты негізгі салалардағы
күш-жігерін біріктіретінін атап өтті.
ҚР Премьер-министрінің
кеңесшісі Гаухар Бөрібаева «БҰҰ-ның
Орталық Азиядағы жаһандық шартының
өңірлік күн тәртібі» панельдік
талқылауында баяндама жасады. Баяндама
барысында спикер құрылымды құру ОДМ-на
қол жеткізу үшін өңірлік әріптестікті
нығайтудағы Қазақстанның маңызды рөлін,
орнықты экономикалық дамуды
қамтамасыз етудегі, Орталық Азиядағы
өмір сапасы мен тұрақтылықты арттырудағы
рөлін растайтынын атап өтті.
Талқылаушылар
арасында панельдік сессияға «Halyk Bank»
АҚ Басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова;
«Anglesey Food» Басқарма төрағасы Зафар
Хашимов (Өзбекстан Республикасы); «Eldik
Bank» Басқарма төрағасы Ұланбек Ноғаев
(Қырғызстан Республикасы); «Schneider
Electric» Бас директоры Эдгар Бо Шенин;
Басқарушы серіктес, Кавказ және Орталық
Азия елдеріндегі EY салық қызметтері
тәжірибесінің жетекшісі Ерлан Досымбеков;
«Атамекен» ҰКП Президенті Райымбек
Батталов қатысты.
ОДМ
бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын
қалыптастыруға ықпал ететін бірқатар
алғышарттар бар: ОДМ-на қол жеткізуге
жәрдемдесу үшін тиімді институционалдық
сәулет құрылды, оның шеңберінде 2018
жылдан бастап ҚР Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық экономика министрі
басқаратын ОДМ жөніндегі Үйлестіру
кеңесі жұмыс істейді.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар
агенттігінің Ұлттық
статистика бюросы ОДМ іске асыру
мониторингін жүзеге асыру үшін ресми
деректерді қамтамасыз етуде шешуші рөл
атқарады.
ҚР
Ұлттық экономика министрлігінің
«Экономикалық зерттеулер институты»
АҚ ОДМ жөніндегі Хатшылығы
ОДМ бойынша институционалдық сәулетшінің
құрылымдық құрамдас бөлігі болып
табылады және БҰҰ-ның 17 мақсатына қол
жеткізу жөніндегі қызметті қолдауды
және үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Хатшылық ОДМ индикаторларын бағдарламалық
құжаттарға оқшаулау, талдамалық
материалдарды дайындау, орнықты дамуға
байланысты іс-шараларды ұйымдастыру
және өткізу бойынша жұмыс жүргізеді.
Осыған байланысты, ОДМ жөніндегі
Хатшылықтың Алматы қаласындағы БҰҰ-ның
Орталық Азиядағы Жаһандық шартының
жаңадан құрылған Көп елдік кеңсесімен
күш-жігерін шоғырландыру орнықты даму
саласындағы 2030 Күн тәртібін ілгерілетуге
ықпал етеді.
2023 жылы
орнықты даму саладағы ұлттық мақсаттар
мен міндеттердің іске асырылуын
мониторингілеу жөніндегі Парламенттік
комиссия құрылды. Парламенттік комиссияның
миссиясы – орнықты дамудың ұлттық
көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін
Парламент пен Үкіметтің тиімді бірлескен
жұмысын құру.
Институционалдық
құрылыммен қатар, ОДМ-ын ілгерілетуге
ықпал ететін нормативтік-құқықтық негіз
де қалыптасады. ОДМ тәсілдері ҚР
Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №611
Жарлығымен бекітілген 2029 жылға дейінгі
Ұлттық даму жоспарына енгізілген; 2060
жылға дейінгі Көміртегі бейтараптығына
қол жеткізу стратегиясын және Қазақстан
Республикасының Су кодексін қабылдау
табиғи ресурстарды басқару мен экологиялық
жаңғыртудың жүйелі тәсілін бекітті.
Сонымен
бірге, Қазақстан үш жылдық кезеңділікпен
2030 жылға дейінгі орнықты даму саласындағы
Күн тәртібін іске асыру жолындағы
түйінді жетістіктер мен сын-қатерлерді
көрсететін Ерікті ұлттық шолуды
кезең-кезеңімен таныстырады. 2025 жылғы
шілдеде Қазақстан Республикасы ОДМ-ның
іске асырылу барысы, ілгерілеуі және
оған қол жеткізудегі сын-қатерлер туралы
жаңартылған ақпаратты қамтитын үшінші
Ерікті ұлттық шолуды ұсынады.
БҰҰ-ның
Жаһандық шартының Көп елдік кеңсесінің
ашылуы және мемлекет-бизнес-қоғам
тізбегіндегі жүйелі тәсіл экономика
мен әлеуметтік әл-ауқаттың орнықты
дамуына қол жеткізуде қолайлы фактор
болады.
