Ағымдағы жылдың 3 тамызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш арасында Орталық Азия мен Ауғанстанда Тұрақты даму мақсаттары (бұдан әрі – ТДМ) бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Бұған дейін Мемлекет басшысы 2023 жылы ТДМ бойынша БҰҰ Саммитінде: «Біз БҰҰ қамқорлығымен техникалық қолдау, ғылыми зерттеулер және тәуекелдерді бағалау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуымыз керек. Тұрақты даму саласындағы мақсаттар – бұл барлық адамдар үшін жақсы әлемге апаратын жол. Біз күш-жігерімізді біріктіріп, одан әрі арттыруымыз керек» деген болатын.
Орталықты
құру Орталық Азия елдерін біртұтас
орнықты өңір ретінде нығайтуға мүмкіндік
береді және негізгі идеяны –
2030 жылға дейін тұрақты даму саласындағы
Жаһандық күн тәртібін іске асырудағы
үдерісті бірлесіп жеделдету арқылы
нығайта отырып, барлық әлемдік орталықтар
арасындағы диалог үшін мүмкіндіктер
туғызады.
Бүгінгі
таңда Қазақстанда Қазақстан Республикасының
Үкіметі жанындағы хатшылығы «Экономикалық
зерттеулер институты» АҚ болып табылатын
ТДМ жөніндегі Үйлестіру кеңесі, ТДМ-ға
қол жеткізуді мониторингтеу комитеті
және ТДМ саласындағы ұлттық мақсаттар
мен міндеттердің іске асырылуын
мониторингтеу жөніндегі Парламенттік
комиссия болып табылады. Мемлекет
басшысының айтуынша, ТДМ бойынша БҰҰ
Өңірлік орталығын құру өңірдегі тұрақты
даму жөніндегі қолданыстағы шараларды
толықтыратын болады.
ТДМ
бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру
тұрақты даму жөніндегі жаһандық диалогтың
жауапты және белсенді қатысушысы ретінде
Қазақстанның халықаралық имиджін
нығайтуға елеулі үлес болады. БҰҰ-ның
беделді өңірлік құрылымын елде орналастыру
халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанға
деген сенімінің, оның саяси тұрақтылығының,
дипломатиялық бастамашылығының және
орнықты және инклюзивті өсу қағидаттарына
бейілділігінің жоғары деңгейін растайды.
Бұл Қазақстанның даму мәселелері бойынша
өңірлік және жаһандық өзара іс-қимыл
платформасы ретіндегі рөлін күшейтуге
ықпал ететін болады.
БҰҰ-ның
ТДМ жөніндегі өңірлік орталығы қызметінің
негізгі салалары инклюзивті институттарды
нығайту, экологиялық проблемаларды
шешу (мысалы, климат, су ресурстары, Арал
және Каспий), гендерлік теңдікті, цифрлық
инклюзияны қолдау және Орталық Азия
мен Ауғанстан елдерінде азаматтық
қоғамды дамыту болады. Орталық сонымен
қатар Қазақстан өңірлер арасындағы
көпір рөлін атқаратын геосаяси шиеленіс
жағдайында экономикалық әртараптандыруға,
көліктік байланысқа және мультилатерализмді
нығайтуға ықпал ететін болады. Ауғанстан
халқын қолдауға - гуманитарлық көмек,
климаттық сын-қатерлерге ден қою, әйелдер
мен қыздардың құқықтарын қоса алғанда,
адам құқықтарын қорғау және экономикалық
өзін-өзі қамтамасыз етуді нығайтуға
ерекше назар аударылатын болады.
Антонио
Гутерриш мырза БҰҰ-ның ТДМ жөніндегі
Өңірлік орталығын құру туралы келісімге
қол қою рәсімінде: «Жақын арада Өңірлік
орталық өңірлік
ынтымақтастық нүктесі,
идеялар
зертханасы
және практикалық іс-қимылдар үшін
бастапқы
алаң
болады», –
деп атап өтті.
Осыған
байланысты Орталық 2030 жылға дейінгі
кезеңге тұрақты даму саласындағы күн
тәртібін іске асыру кезінде өңір елдеріне
әдіснамалық және талдамалық көмек
көрсететін болады.
«Экономикалық
зерттеулер институты» АҚ БҰҰ мен
Еуропалық Одақтың Даму Бағдарламасының
қолдауымен Орталық Азия елдерінің ТДМ
платформасын әзірлегенін атап кеткен
жөн, ол Тұрақты даму мақсаттарына қол
жеткізудегі прогресті талдаудың цифрлық
құралы ретінде жұмыс істейді және қызмет
етеді. Платформада орналастырылған ТДМ
өзгеру динамикасы туралы ақпарат
күш-жігерді неғұрлым тиімді үйлестіруге,
процестердің ашықтығын арттыруға және
тұрақты даму саласында негізделген
шешімдер қабылдауға ықпал ете отырып,
БҰҰ-ның ТДМ жөніндегі Өңірлік орталығының
қызметінде пайдаланылуы мүмкін.
Осылайша,
ТДМ бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру
Қазақстанның 2030 күн тәртібін ілгерілетудегі
жетекші рөлін атап көрсетеді және
Орталық Азия мен Ауғанстанның бүкіл
өңірі үшін неғұрлым орнықты, әділ және
қауіпсіз болашақ құру үшін ресурстарды,
білім мен бастамаларды біріктіре отырып,
елдің өңірлік ынтымақтастықтың
катализаторы болуға дайындығын растайды.