Кеше «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ өкілдері, «Тұрақты даму» Жер қоры ҮЕҰ төрағасы және тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету жөніндегі бірлескен жұмыстарға қатысты Earth Ambassadors қозғалысының өкілдері арасында кездесу өтті.
ТДМ
жөніндегі Хатшылық атынан талқылауға
директор Бақытгүл Хамбар, директор
орынбасары Нұртуған Оралбаев және
сарапшы Санжар Бөлегенов қатысты.
Талқылаудың
басты тақырыптарының бірі - Earth Ambassadors
қозғалысы өкілдерінің қазіргі бастамалары.
Қозғалыс жұмысының негізгі бағыттары
- жастарды ТДМ іске асыруға тарту,
климаттық дипломатияны дамыту, білім
беру, экологиялық ағарту, халықаралық
байланыстарды нығайту, спортты дамыту
арқылы оқушылар мен студенттер арасында
ТДМ көшбасшыларын даярлау. Бүгінгі
таңда қозғалыс 30-ға жуық жобаны іске
асырды және Қазақстанның барлық
өңірлерінен 300 қатысушының басын қосты.
Бірлескен
жұмыс мүмкіндігі Қазақстанда ТДМ-ды
ілгерілетудегі жастардың рөлін нығайтудың
негізгі бағыты ретінде атап өтілді. Бұл
мәселеге Қазақстанның 2025 жылғы үшінші
Ерікті ұлттық шолуының «ТДМ ұрпағы»
бөлімінде ерекше назар аударылды.
Тараптар диалогты жалғастыруға және
бірлескен жобаларды дамыту жөніндегі
практикалық қадамдарды қарауға келісті.