Бақытгүл Хамбар Солтүстік және Орталық Азия форумында ТДМ үшінші шолуын дайындау бойынша Қазақстанның тәжірибесін таныстырды

05.09.2025

3-5 қыркүйек аралығында БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АТМЭӘК) ұйымдастырған Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу бойынша Солтүстік және Орталық Азияның тоғызыншы көпжақты форумы өтті.

Форумның ашылуында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және АТМЭӘК атқарушы хатшысы Армида Салсия Алисджабана қатысушыларға бейне үндеу жасады. Ол Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын ашудың маңызын атап өтті.

Форум жұмысына сонымен қатар:

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев,

  • Тәжікстанның Экономика және сауда министрінің орынбасары Ахлиддин Нуриддинзода,

  • Мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның, талдау орталықтары мен ғылыми топтардың өкілдері,

  • АТМЭӘК-ға мүше мемлекеттердің сарапшылары, сондай-ақ БҰҰ мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында қатысушылар келесі ТДМ-ға қол жеткізу прогресін қарастырды:

  • 6 ТДМ: Таза су және санитария;

  • 7 ТДМ: Қол жетімді және таза энергия;

  • 9 ТДМ: Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым;

  • 11 ТДМ: Тұрақты қалалар мен елді мекендер;

  • 17 ТДМ: Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік.

Форум аясында Солтүстік және Орталық Азия елдері үшін ерікті ұлттық шолуларды (ЕҰШ) дайындау бойынша арнайы семинар өтті.

Қазақстанның тәжірибесін Экономикалық зерттеулер институтының ТДМ жөніндегі Хатшылық директоры Хамбар Бақытгүл ұсынды. Ол үшінші Ерікті ұлттық шолуды дайындау тәжірибесімен бөлісіп, оның екінші шолудың (2022 жылғы) логикалық жалғасы болатынын және ТДМ міндеттерінің өзара байланысын талдауға негізделгенін атап өтті.

Жаңа шолу негізінен ТДМ-ны оқшаулауға және «Ешкімді артта қалдырмау» қағидатын іске асыруға бағытталған. Құжатқа еріктілердің рөлі және мемлекеттік жастар саясаты туралы жеке бөлімдер енгізілген.

Қазақстан шолуының ерекшелігі - оның үкіметтің ресми позициясын ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның мақсаттарға қол жеткізу барысы туралы пікірін де көрсетуі.

«Мүдделі тараптарды тарту және олардың пікірін пайдалану» сессиясында Хамбар Бақытгүл халықтың кеңінен қатысу маңызына назар аударды. Оқушылар мен студенттердің қазіргі буыны 2030 жылға қарай еңбек нарығына шығатындықтан, жастарға ерекше көңіл бөлінді.

Қатысушылар Қазақстанның қоғамдық пікірді жинау және оны тұрақты дамудың басымдықтарын айқындау кезінде пайдалану тәжірибесін жоғары бағалады.

Форум ішкі өңірлік деңгейде ТДМ іске асыруға бағытталған ақпаратпен және үздік тәжірибелермен алмасуға арналған бірегей платформа ретіндегі рөлін растады.



Қарау саны: 27
Сақталған: 11.09.2025



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!