ЭЗИ өкілдері Абай облысында семинар-тренинг өткізді

23.09.2025

Экономикалық зерттеулер институты ҚР Ұлттық экономика министрлігімен, БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) сарапшыларымен, Абай облысы мәслихатының аппаратымен бірлесіп Абай облысы мәслихатының депутаттарына арналған Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жергілікті деңгейде іске асыру бойынша семинар-тренинг өткізді.

Облыс мәслихаты аппаратының АӨК дамыту және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Уәлихан Майжанов семинарды бастап, іс-шараның өңірдің тұрақты дамуын нығайтудағы маңызын атап өтті. Бұдан әрі БҰҰДБ сарапшысы Ахметов Артур БҰҰДБ-ның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және Қазақстан өңірлерінде ТДМ-ның іске асырылуына қосқан үлесі туралы айтты. Сондай-ақ, Абай облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Стратегиялық жоспарлау бөлімі басшысының м.а. Смайлова Ардақ Есхатқызы семинарға қатысушыларды алғыс сөзімен қарсы алып, өңірдің стратегиялық жоспарлау және даму бағдарламаларының қазіргі құжаттары ТДМ индикаторларын қамтитынын ескерді.

БҰҰДБ бюджеттік жоспарлау жөніндегі сарапшысы Шолпан Әйтенова «Тұрақты дамуды жергілікті деңгейде қаржыландыру» тақырыбында сөз сөйледі. Айтенова ханым баяндамасында Абай облысы Әл-ауқат индексінің талдауын, өңірлік индекстің кедергілері мен оң үрдістерін, өңірлік стандарттар жүйесін және облыстың Даму жоспары бойынша орындалуы мен бюджеттің игерілуі бойынша есептерді ұсынды.

Жергілікті деңгейде ТДМ-ға қол жеткізу туралы «ТДМ-ды ұлттық және жергілікті деңгейде іске асырудың институционалдық негіздері» тақырыбы бойынша Экономикалық зерттеулер институты ТДМ жөніндегі Хатшылықтың жетекші сарапшысы Қарлығаш Болат баяндама жасады. Өңірлік жұмыс практикасына ТДМ индикаторларын енгізу бойынша мәселелер атап өтілді және Балалардың хал-ахуал индексінің негіздері талқыланды.

Қатысушылар ақпараттық-ағарту жұмысын күшейтудің, бюджеттік өтінімдерді келісу процесінде мәслихаттардың рөлін арттыру маңызын, сондай-ақ әрбір облыстың, аудандар мен ауылдардың ерекшеліктерін ескере отырып, ТДМ бойынша бірыңғай даму бағдарламасын әзірлеу мүмкіндігін талқылады.

Экономикалық зерттеулер институты ТДМ жөніндегі Хатшылық сарапшысы Санжар Бөлегенов тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде балама шешімдерді іздеуге бағытталған «Баламалы шешімдері бар практикалық кейстер» интерактивті ойынымен бадарламаны қорытындылады.

Іс-шара нәтижелері бойынша қатысушылар ТДМ-ды жергілікті деңгейде іске асыру, институционалдық мүмкіндіктерді нығайту және мәслихаттар, атқарушы органдар мен сараптамалық қоғамдастық арасындағы диалогты кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруға үлкен қызығушылық танытты.



Қарау саны: 61
Сақталған: 14.10.2025



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!