Тұрақты даму мақсаттарына азаматтық қоғам үлесі: ЭЗИ тәжірибесі

16.10.2025

Кеше Астана қаласында Қазақстанның XII Азаматтық форумы аясында "Жергілікті деңгейден жаһандық деңгейге: Қазақстандағы азаматтық қоғам ұйымдары  ТДМ-ды қалай таныстырады" атты тақырыптық сессия өтті.
 
Қазақстанның XII Азаматтық форумы аясында 2025 жылғы 15 қазанда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен және  Қазақстанның Азаматтық альянсымен ұйымдастырылған "Жергілікті деңгейден жаһандық деңгейге: Қазақстандағы азаматтық қоғам ұйымдары ТДМ-ды қалай таныстырады" атты тақырыптық сессия өтті.

Іс-шараға Қазақстанның азаматтық қоғамының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, зерттеу орталықтарының, сондай-ақ БҰҰ, БҰҰДБ және Еуропалық Одақ құрылымдарын қоса алғанда, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Сессия жұмысына бизнес өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар да ат салысты.

Тақырыптық сессияның модераторлары – ҚР ҰЭМ Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Жанназарова Нұргүл Алмасқызы және "АРГО" Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығының директоры Асанова Жамиля Қасымқызы.
 
Тақырыптық сессияны қатысушыларды қарсы алу сөзімен ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Асан Көбентайұлы Дарбаев ашты. Асан Көбентайұлы 2015 жылдан бастап Қазақстан БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібін белсенді түрде іске асырып келе жатқанын атап өтті. Қазақстан өзінің аталған іске бейілділігін растау үшін осы жылдың шілде айында Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ-ның Жоғары деңгейдегі саяси форумында үшінші Ерікті ұлттық шолуды ұсынды. Асан Көбентайұлы Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу барлық мүдделі тараптардың ынтымақтастығымен ғана мүмкін болатынын және осы процесте азаматтық қоғамның үлесі мен рөлінің ерекше маңыздылығын атап өтті.                

БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі Сарангоо Раднаарагчаа әлем Тұрақты даму саласындағы күн тәртібін орындауда әлі де артта қалып отырғанын атап өтті. Мысалы, әлемдегі ТДМ мақсаттарының шамамен 35%-не қол жеткізіліп жатыр, 48% бойынша жұмыс тым баяу, ал 18% бойынша көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда тіпті нашарлады. Қазақстан неғұрлым оң даму қарқынын көрсетеді: мақсаттардың шамамен 39%-не қол жеткізілді немесе қол жеткізіліп жатыр. Алайда, "Арзан және таза энергия" 7 ТДМ,  "Жауапты тұтыну және өндіріс"  12 ТДМ және  "Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар" 16 ТДМ қол жеткізуде айтарлықтай қиындықтар бар.
 
Еуропалық Одақ делегациясының Қазақстан Республикасындағы Ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Баур ЕО Қазақстанның ауылдық жерінде және шағын қаласында ТДМ-ды жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі пилоттық жобаны қолдайтынын атап өтті. Ол ТДМ-ды жергілікті деңгейде іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғамның күш-жігерін шоғырландыру бойынша Қазақстанның осы табысты тәжірибесін атап өтіп, бұл тәжірибенің өңірдің басқа елдерінде қолданылуы мүмкін екендігіне сенім білдірді.    

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов кейінгі жылдары Қазақстан Адами даму индексі бойынша айтарлықтай прогреске қол жеткізіп отырғанын атап өтті. Ол БҰҰДБ ТДМ-ның жергілікті деңгейде іске асырылуын күшейту және ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру мақсатында Абай және Ұлытау облыстарында жобаларды іске асырып жатқанын хабарлады. Инфрақұрылымдық даму жобалары аясында адамдарды басты орынға қою тәсілінің маңыздылығы да айтылды. Сухроб Ходжиматов ұлттық статистика органдары мен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті.

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ тарапынан Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директоры Бақытгүл Хамбар "Азаматтық қоғамның Қазақстан Республикасының Үшінші Ерікті ұлттық шолуын дайындауға қосқан үлесі " тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде Б. Хамбар ТДМ-ға қол жеткізуді бағалау бойынша Ерікті ұлттық шолуды дайындау процесінде Үкімет пен азаматтық қоғамның бірлескен жұмысы туралы айтты. Шолу алғаш рет екі тарап ұсынған прогресс бағалауын біріктірді. Үкімет пен азаматтық қоғамның үйлестірілген күш-жігері қол жеткізілген нәтижелерге жан-жақты және объективті көзқарасты қамтамасыз етті.    

Сонымен қатар, сессияда ауылдық округ пен аудандық қала әкімдері, ТДМ-ды жергілікті деңгейде іске асыру бойынша пилоттық жобаларды іске асыратын азаматтық қоғам өкілдері, сондай-ақ зерттеу орталықтары мен даму орталықтарының өкілдері баяндама жасады.  

Сессия қорытындысы бойынша қатысушылар ҮЕҰ, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар арасындағы әріптестікті нығайтуға, жергілікті халықты ТДМ-ды іске асыруға тартудың тиімді форматтарын әзірлеуге қатысты ұсынымдар жасады. 


Қарау саны: 8
Сақталған: 17.10.2025



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!