ТДМ-ға қол жеткізу бойынша Қазақстан Республикасының үшінші Ерікті ұлттық шолуының түйінді нәтижелері жарияланды

25.12.2025

24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ТДМ-ға қол жеткізу бойынша Қазақстан Республикасының үшінші Ерікті ұлттық шолуының түйінді нәтижелері жарияланды.

Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Вице-министрі Асан Дарбаев, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова, сондай-ақ ҚР ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директоры Бақытгүл Хамбар сөз сөйледі.

Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғары деңгейдегі саяси форумы аясында Қазақстан Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша өзінің Үшінші Ерікті ұлттық шолуын ұсынды. 2025 жылы Қазақстан БҰҰ-ның жаһандық алаңында ұлттық шолуларын ұсынған 37 елдің қатарына кірді.

Үшінші Ұлттық шолу (2025 жыл) ТДМ іске асырудың институционалдық негізін қалыптастыру кезеңінен бастап (Бірінші шолу, 2019 жыл) және олардың мемлекеттік басқару жүйесіне интеграциялануынан (Екінші шолу, 2022 жыл) қол жеткізілген прогрестің тиімділігін бағалау мен шоғырландыру кезеңіне көшуді білдіреді.

Іс-шара барысында тұрақты даму саласындағы ұлттық басымдықтардың іске асырылуын кешенді талдау нәтижелері айтылды. Құжатта 60-тан астам ұлттық индикаторлар арасындағы өзара байланыстарға жүйелі талдау жүргізіліп, Қазақстанның тұрақты дамуының жалпы прогресіне барынша әсер ететін мақсаттар мен бағыттарды айқындауға мүмкіндік берілді.

Шолуды дайындау «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты негізінде ашық форматта жүзеге асырылды. Жобаны талқылауға бүкіл ел бойынша 5000-ға жуық адам, оның ішінде мемлекеттік органдар, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық серіктестер, сарапшылар қауымдастығы және жастар қатысты.

Үшінші Ерікті ұлттық шолудың басты ерекшелігі – прогресті бағалаудың екі параллельді нұсқасының ұсынылуы болды: Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағалауы және People’s Scorecard әдістемесі негізінде жүргізілген азаматтық қоғамның тәуелсіз бағалауы.

Қазақстан халқының 28 %-ын 35 жастан төмен адамдар құрайтындықтан, Шолуда жастарға ерекше назар аударылды. Құжатты дайындау аясында 3000-нан астам жастарға сауалнама жүргізілді, сондай-ақ оқушылар арасында республикалық эссе байқауы өткізілді, оның аясында қатысушылар ТДМ-ның іске асырылуы туралы өз көзқарастарын ұсынды.

Баспасөз мәслихаты барысында журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері 2030 жылға дейінгі өңірлік даму тұжырымдамасының қағидаттарына, балалардың хал-ахуалына, бөлшектелген деректердің сапасына, сондай-ақ Ерікті ұлттық шолу қорытындыларын реттеуші және бюджеттік шешімдерге айналдыру тетіктеріне қатысты сұрақтар қойды. Барлық мәселелер бойынша спикерлер түсініктеме берді.

Өңірлік даму тұжырымдамасының негізгі қағидаты өңірлік стандарттар жүйесі арқылы іске асырылатын «ешкімді артта қалдырмау» қағидаты екені атап өтілді. Балалардың хал-ахуал индексі өңірлерде жағдайды бақылау және жыл сайынғы бағалау құралы ретінде пайдаланылатыны түсіндірілді. Сондай-ақ, Шолуды дайындау барысында бөлшектелген деректердің сапасын едәуір жақсартуға қол жеткізілгені атап өтілді: көрсеткіштердің 52%-і (200-ден 102-сі) кем дегенде бір бөлшектеу түріне ие. Деректер сапасын жақсартуға 2024 жылы жүргізілген әйелдер мен балалардың жағдайы бойынша мультииндикаторлық кластерлік зерттеу нәтижелері ықпал етті.

Прогрестің тұрақты мониторингін қамтамасыз ету үшін 2026 жылдан бастап ТДМ іске асырылуы туралы жыл сайынғы есепті енгізу жоспарланып отыр, оны «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ТДМ жөніндегі Хатшылық дайындайды, және ұлттық индикаторлар қарқынын талдау мен ТДМ-ға қол жеткізуді жеделдету жөнінде ұсынымдарды дайындау құралы болады.



Қарау саны: 2
Сақталған: 25.12.2025



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары Вкладка Институциональная основа реализации ЦУР Вкладка Институциональная основа реализации ЦУР Вкладка Институциональная основа реализации ЦУР
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!