Цифрландырудың Тұрақты даму мақсаттарының іске асырылуына үлесі

26.02.2026

Қазақстандағы цифрлық трансформация елдің болашағын айқындайтын және Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асырудың негізгі құралы ретінде стратегиялық таңдау. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, үш жыл ішінде толық цифрлық экономикаға көшу қамтамасыз етілуі тиіс. Қазір цифрландыру ТДМ-ның барлық 17 мақсатын тікелей немесе жанама түрде қамтиды, ал 127 міндеттің 10-да цифрлық нәтижелерді тікелей көрсететін индикаторлар көзделген.

Қазақстан халықты цифрлық тартудың жоғары көрсеткіштерін байқатады. 16 мен 74 жас аралығындағы азаматтардың цифрлық сауаттылық деңгейі 92,8%-ке жетті, ал халықтың 95,3%-і интернетке қол жеткізе алады, бұл ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына сәйкес келеді. Еліміздің барлық мектептері (98,8%) жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген, ал тұрғындардың 91,6%-і 4G мобильді желілерімен қамтылған. Маңызды жетістіктердің бірі – мемлекеттік институттардың ашықтығы: eGov және eOtinish сервистері арқылы мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейі 87,7%-ке жетті.

Технологияны енгізу айтарлықтай әлеуметтік ықпал етеді. Кедейлікпен күрес шеңберінде (1 ТДМ) 2023 жылдан бастап 20 млн адам туралы деректі қамтитын Отбасының цифрлық картасы жұмыс істейді. Білім беру саласында (4 ТДМ) жоғары оқу орындарына түсу процесін толық автоматтандыру жыл сайын шамамен 300 млн теңгені үнемдейді. Әлеуметтік қолдау үшін тұрмыстық газға ваучерлерді онлайн-режимде алуға мүмкіндік беретін «Әлеуметтік әмиян» жобасы енгізілді.

Цифрландырудың экономикалық әсері жоғары технологиялық сектордың өсуімен расталады. Елде 14 мыңнан астам IT-компания жұмыс істейді, ал Astana Hub экожүйесі стартаптарының кірісі 2024 жылы 1,2 трлн теңгені құрап, кейінгі бес жылда 31 есе өскенін көрсетті. Қаржы секторын цифрландыру қазір қолма-қол ақшасыз төлемдердің 90,1%-і интернет және мобильді банкинг арқылы жүзеге асырылуына әкелді. Бұл ретте ЖІӨ-дегі жоғары технологиялық салалардың үлесі 2015 жылғы 1,2%-тен 2024 жылы 2,5%-ке дейін өсті.

Экологиялық тұрақтылық пен ресурстарды сақтауға ерекше назар аударылады. Экожүйелерді мониторингтеу үшін Қазгидрометтің онлайн-сервистері, спутниктік бақылау және қалдықтардың жиналудан қайта өңдеуге дейінгі жолын қадағалайтын EcoQolday платформасы пайдаланылады. Орман өртін ерте анықтаудың автоматтандырылған жүйесі 1,3 млн гектарды қамтып, ден қоюдың жеделдігін арттырды. Су ресурстарын басқару үшін (6 ТДМ) 4 300-ден астам жер асты су учаскелеріне мониторинг жүргізетін ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылды.

Жетістіктерге қарамастан, цифрландыру саласында жаңа жүйелік сын-қатерлер де бар. Сарапшылар еңбек нарығындағы тәуекелдерді атап өтеді: Қазақстандағы жұмыс орындарының 50%-тен астамы, әсіресе қызмет көрсету және өнеркәсіп саласында автоматтандыруға бейім. Бұл тәуекелдер гендерлік сипатқа ие, өйткені әйелдер жасанды интеллектке ең осал әкімшілік салаларда жиі жұмыс жасайды. Сонымен қатар, халықтың осал топтары мен шалғай аудандардың тұрғындары үшін «цифрлық алшақтық» мәселесі сақталады.

Цифрлық технологияның экологиялық ауыртпалығы да өсіп жатыр. 2026 жылы әлемдегі дерек орталықтарының қуат тұтынуы 1000 ТВт·сағ-тан асуы мүмкін деп болжанады. Жасанды интеллект серверлерді салқындату үшін орасан зор су көлемін талап етеді–болжам бойынша, бұл қажеттіліктерге әлемдік тұтыну 2027 жылға қарай 4,2-6,6 млрд м3 жетеді, бұл өз кезегінде Қазақстанның су тапшылығы бар өңірлері үшін өте маңызды мәселе. Электрондық қалдықтарды өңдеудің төмен қарқыны мәселесі де өзекті.

Мемлекеттің әрі қарайғы іс-қимылы тәуекелдерді азайтуға және адами капиталды дамытуға бағытталған. ЖИ реттеу жөніндегі заңнаманы одан әрі жетілдіру және техниканы қайта өңдеу (urban mining) үшін циркулярлы экономика қағидаттарын енгізу көзделеді. 2025-2026 жылдары жастарға АКТ саласында 11 мыңнан астам грант бөлінді. Негізгі басымдық – цифрлық прогрестің елдің барлық азаматтары үшін тұрақты болашақты қамтамасыз етуде инклюзивті және гендерлік жұмыспен қамтуды ілгерілетуі.


Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық





Қарау саны: 7
Сақталған: 26.02.2026



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары ТДМ іске асырудың институционалдық негізі Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2026
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!