2030 жылға қарай Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бола ма?
26.03.2026
БҰҰ бағалауы бойынша, әлем 2030 жылғы күн тәртібінен жүйелі түрде артта қалып отыр: 2025 жылғы ТДМ баяндамасына сәйкес, міндеттердің бестен бірінен азына 2030 жылға қарай қол жеткізіледі, бұл ретте мақсаттардың едәуір бөлігі бойынша прогрестің баяулауы немесе қайта төмендеуі байқалады. Бұл тұжырымдар 2024 жылғы Баяндама бағалауымен расталады, оған сәйкес міндеттердің тек 17%-і қажетті траекторияға сәйкес келді, жартысына жуығы шектеулі прогресс көрсетті, ал үштен бірінен астамы бойынша тоқырау немесе нашарлау тіркелді.
Артта қалу жүйелі сипатқа ие және COVID-19 пандемиясының, қарулы қақтығыстардың, климаттық өзгерістердің, қарыз жүктемесінің, азық-түлік пен энергия бағасының өсуі, сондай-ақ дамудың созылмалы қаржыландырылмауының жиынтық әсеріне байланысты. БҰҰ бағалауы бойынша дамушы елдерде ТДМ қаржыландырудың жыл сайынғы тапшылығы шамамен 4 трлн долларды құрап, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және инфрақұрылымға инвестицияларды айтарлықтай шектейді. ТДМ-ға қол жеткізу төмендігінің басты себебі-жаһандық сын-қатерлер мен құрылымдық шектеулердің өзара күшейту сипатына ие болуы. Бұл тұрғыдан кедейлік енді тек табыс мәселесі емес, бұл тамақтану, білім беру, денсаулық сақтау, санитария, энергияға және тұрғын үйге қол жеткізе алмауды қамтитын көп өлшемді құбылыс. 2025 жылғы жаһандық көпөлшемді кедейлік индексінің мәліметі бойынша, 1,1 млрд адам жедел көпөлшемді кедейлік жағдайында өмір сүреді, тиісті депривациялар 1, 2, 3, 4, 6, 7 және 11 мақсаттарға тікелей әсер етеді. БҰҰ-ның ТДМ бойынша 2025 жылғы Баяндамасында пандемиядан кейін кедейлікті қалпына келтіру біркелкі емес екені және 2030 жылға қарай қазіргі үрдістер сақталса, шамамен 590 млн адам аса жоғары кедейлікте қалуы мүмкін екендігі атап өтілді. Бұл ретте климаттық және экономикалық факторлар кедейлікті жаңғыртуды жалғастырып, 1 ТДМ бойынша артта қалу сабақтас мақсаттарға қол жеткізу ықтималдығын жүйелі түрде төмендететін тұйық циклды қалыптастырады. Әсіресе аштық пен дұрыс тамақтанбау күшті мақсатаралық әсерді қамтамасыз етеді. БҰҰ мәліметі бойынша, 2023 жылы шамамен 733 млн адам аштықты бастан кешірді, ал 2,33 млрд адам азық-түлікпен қамтамасыз етілмеудің қалыпты және ауыр жағдайында болды. Бұл 2 ТДМ-ға ғана емес, сонымен қатар 3, 4 және 8 ТДМ-ға да нұқсан келтіреді: денсаулық, балалардың танымдық дамуы, білім беру нәтижелері, еңбек өнімділігі және болашақ кірістер нашарлайды. UNICEF дұрыс тамақтану баланың өсу, даму және оқу қабілетіне әсер ететінін тікелей көрсетеді; керісінше, дұрыс тамақтанбау адами капиталға ұзақ мерзімді зиян әкеледі.
Соғыс
пен қақтығыстар азық-түлік, энергетика,
сауда, логистика, көші-қон, институттар
мен бюджеттерге бір уақытта соққы жасап,
2030 жылғы күн тәртібін бұзатын маңызды
факторлар болып отыр. БҰҰ-ның ТДМ бойынша
2025 жылғы Баяндамасына сәйкес, қақтығыстардың
тұрақты дамуға әсері күшейіп, тұрақсыздық
пен зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің
саны өседі, бұл институционалдық
тұрақтылық пен негізгі қызметтерге қол
жеткізуге нұқсан келтіреді.
Бұған дейін 2024 жылғы баяндамада мәжбүрлі
түрде қоныс аударғандардың саны
бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткені
және қақтығыстардағы азаматтық шығындар
айтарлықтай өскені айтылған.
Содан бері жағдай одан әрі күрделене
түсті: 2026 жылдың наурызында БҰҰ-ның
гуманитарлық мәселелерді үйлестіру
басқармасы Иранда ауыр гуманитарлық
өршу, жүздеген қаза тапқандар және
азаматтық инфрақұрылымның зақымдануы
туралы хабарлады.
Бұл 16 ТДМ-ға ғана емес, денсаулық сақтау,
білім беру, қалалар, азық-түлік және
кедейлікке байланысты мақсаттарға одан
әрі қысым түсетінін білдіреді.
Климаттық фактор да аса маңызды. БҰҰ-ның ТДМ бойынша 2025 жылғы Баяндамасына сәйкес, климаттың өзгеруі жылдамдады: 2024 жыл индустрияға дейінгі деңгейден шамамен 1,55°C-қа асып, ең жылы кезең болды және ауа-райының күрт өзгеруі күшейіп, халықтың климатқа байланысты қозғалысының өсуіне, азық-түлік қауіпсіздігінің нашарлауына, экономикалық шығындарға және тұрақсыздықтың өсуіне әкелді. Бұл жаһандық күш-жігердің қажетті деңгейден айтарлықтай артта қалғанын көрсетеді және тұрақты даму жүйелеріне қысымды күшейтеді. 2025 жылғы жаһандық көпөлшемді кедейлік индексінің мәліметі бойынша, кедейлердің көпшілігі кем дегенде бір климаттық қауіптің әсері жағдайында өмір сүреді, ал кедейлік пен климаттық тәуекелдердің үйлесімі «қос ауыртпалықты» қалыптастырады: шектеулі ресурстар бейімделу қабілетін төмендетеді, ал климаттық әсерлер кедейлікті күшейтеді және көбейтеді. Нәтижесінде 13 ТДМ бойынша артта қалу (Климаттың өзгеруіне қарсы күрес) кедейлікті жоюға, азық-түлік қауіпсіздігіне, денсаулық сақтауға, суға қол жеткізуге және елді мекендердің тұрақтылығына байланысты мақсаттарға қол жеткізуге мультипликативті теріс әсер етеді (1, 2, 3, 6 және 11 ТДМ). Қосымша шектеуші фактор – қаржылық-борыштық орта. БҰҰ Бас хатшысының 2025 жылғы ТДМ-ға қол жеткізудегі прогресс туралы Баяндамасына сәйкес, табысы төмен және орташа елдердің борышына қызмет көрсету шығындары 2023 жылы рекордтық 1,4 трлн долларға жетір, бюджеттік мүмкіндіктерінің айтарлықтай шектелгенін көрсетеді. Сонымен бірге, ТДМ бойынша денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және инфрақұрылымды қаржыландыру үшін бюджет кеңістігін қысқарта отырып, жыл сайын триллион долларға бағаланатын айтарлықтай инвестициялық алшақтық сақталады. Бұл ТДМ-ге саяси бейілділігіне қарамастан көптеген елдер адами капиталға, негізгі қызметтерге және климатқа бейімделу шараларына инвестициялардың қажетті қарқынын объективті түрде қамтамасыз ете алмайтындығын түсіндіреді. БҰҰ-ның ТДМ бойынша 2025 жылғы баяндамасы қазіргі үрдістерді сақтай отырып, климаттық, экономикалық және әлеуметтік факторлар бір-бірін өзара күшейтетін, тұрақты өсу мүмкіндіктерін шектейтін «даму тұзақтарын» бекіту қаупі бар екенін атап көрсетеді. Мұндай жағдайда тұрақты даму едәуір бөлігі трансшекаралық сипатқа ие табиғи, қаржылық және адами ресурстар сияқты негізгі ресурстарға ұзақ мерзімді қолжетімділікті және тиімді басқаруды қамтамасыз етуді көздейді. Бұл өз кезегінде ұлттық жүйелердің сыртқы факторларға тәуелділігін күшейтіп, нәтижесінде өсіп келе жатқан геосаяси және экономикалық турбуленттілік жағдайында ТДМ-ға қол жеткізуді тек ішкі күн тәртібі ретінде қарастыруға болмайтынын көрсетеді. 1 https://unstats.un.org/sdgs/report/2025/The-Sustainable-Development-Goals-Report-2025.pdf 2 https://unstats.un.org/sdgs/report/2024/The-Sustainable-Development-Goals-Report-2024.pdf 3 https://unstats.un.org/sdgs/report/2025/The-Sustainable-Development-Goals-Report-2025.pdf 4 https://hdr.undp.org/system/files/documents/global-report-document/mpireport2025en.pdf 5 https://unstats.un.org/sdgs/report/2025/The-Sustainable-Development-Goals-Report-2025.pdf 6 https://hdr.undp.org/system/files/documents/global-report-document/mpireport2025en.pdf 7 https://unstats.un.org/sdgs/report/2025/The-Sustainable-Development-Goals-Report-2025.pdf 8 https://openknowledge.fao.org/items/ebe19244-9611-443c-a2a6-25cec697b361 9 https://data.unicef.org/resources/child-food-poverty-report-2024/ 10 https://unstats.un.org/sdgs/report/2025/The-Sustainable-Development-Goals-Report-2025.pdf 11 https://unstats.un.org/sdgs/report/2024/The-Sustainable-Development-Goals-Report-2024.pdf 12 https://www.unocha.org/publications/report/world/ocha-2026 13 https://unstats.un.org/sdgs/report/2025/The-Sustainable-Development-Goals-Report-2025.pdf 14 https://hdr.undp.org/content/2025-global-multidimensional-poverty-index-mpi#/indicies/MPI 15 https://unstats.un.org/sdgs/report/2025/The-Sustainable-Development-Goals-Report-2025.pdf 16 https://hdr.undp.org/content/2025-global-multidimensional-poverty-index-mpi#/indicies/MPI 17 https://unstats.un.org/sdgs/files/report/2025/secretary-general-sdg-report-2025--EN.pdf 18 https://unstats.un.org/sdgs/report/2025/The-Sustainable-Development-Goals-Report-2025.pdf
Қарау саны: 2 |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|