ТДМ-ның іске асырылуына үлесін талқылау үшін Қазақстанның 90-ға жуық жоғары оқу орны Астанада жиналды

10.04.2026

2026 жылғы 10 сәуірде Астанада «Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы жоғары оқу орындарының үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шара жоғары оқу орындарының ТДМ-ға қол жеткізудегі рөлін жүйелі түрде талқылауға және тұрақты даму қағидаттарын жоғары білім беру жүйесіне енгізудің келісілген тәсілдерін қалыптастыруға арналған алаңға айналды.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі және «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Елдік командасының қолдауымен ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел Қазақстанда 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму күн тәртібін іске асыруға жауапты жоғары оқу орындарының (ЖОО) және ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары үшін қолданыстағы шектеулерді шешуге және озық тәжірибел алмасу мақсатында алғаш рет өткізілді. Іс-шараға еліміздің 89 жоғары оқу орнының өкілдері қатысты (114 қатысушы).

Іс-шара құрылымы үш кезеңнен тұрды: ресми ашылу, панельдік сессиялардың жұмысы және интерактивті воркшоп.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі А. К. Дарбаев, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі С. Раднарагча ханым, БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі К. Вавьерниа ханым, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары А. Абылайхан, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы Б. Б. Баткеев сәлемдесу сөзін сөйледі.

Панельдік сессиялар жұмысына БҰҰ-ның Қазақстандағы Елдік командасының өкілдері Д. Әмрішева, А. Баймырза және М. Алпысбаева; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институтының (Д. Э. Урманова); Семей Медициналық университетінің (А. У. Нұртазина); Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің (Б. О. Алтынбасов); Chapter Zero Kazakhstan компаниясының (А. Серікжанов) және ERI Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылықтың (Б.Хамбар) өкілдері белсенді қатысты.

Университеттерді басқару жүйесіне ТДМ қағидаттарын интеграциялау; университеттер тұрақты даму дағдыларын қалыптастырудың қозғаушы күші ретінде; университеттердің ғылыми зерттеулері тұрақты трансформацияны қамтамасыз ету факторы ретінде; ТДМ-ды іске асыруда студенттердің көшбасшы ретіндегі рөлін күшейту; гендерлік-инклюзивті жоғары оқу орындары мен мүдделі тараптар арасындағы әріптестікті нығайту; университеттердің адами капиталын дамыту сияқты тақырыптық блоктарға сәйкес топтардағы интерактивті пікірталас аясында белсенді пікірлермен және озық тәжірибемен алмасу жалғасты.

Іс-шара соңында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің әлеуметтік сала, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова интерактивті жұмыс аясында талқыланған мәселелердің өзектілігін атап өтіп, қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты.

Пікірталас нәтижелері сұрақтардың әрбір блогі бойынша қорытынды таныстырылымда ұсынылып, оны іс-шара модераторы жинақтады. Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстанда жоғары білім беру жүйесіне тұрақты даму қағидаттарын сапалы интеграциялауға ықпал ететін тәжірибеге бағдарланған ұсынымдар әзірледі.



Қарау саны: 20
Сақталған: 13.04.2026



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары ТДМ іске асырудың институционалдық негізі Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2026
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!