Қазақстан Тұрақты даму мақсаттары рейтингінде үш саты жоғарылады

24.06.2026

Биыл Қазақстанның Тұрақты даму мақсаттары Индексі бойынша рейтингтегі орны үш саты жоғарылап, 169 елдің ішінде 67-орынға ие болды. Еліміздің жалпы балы 71,5-тен 72,0-ге дейін көтерілді.

2030 жылға дейінгі күн тәртібінің аяқталу мерзімі жақындағандықтан SDSN есебінде оны іске асырудың маңызына ерекше назар аударылған.

Қазақстан G20-ның бірқатар елінен озып тұрғанын айта кеткен жөн. Мәселен, Индонезия рейтингте 74 орында (70,8 балл); Мексика 75 орында (70,5 балл); Түркия 77 орында (70,2 балл); Үндістан – 94 (68,3 балл); Сауд Арабиясы – 104 (65,9 балл); Оңтүстік Африка – 109 орында (65,2 балл) тұр.

Ал Орталық Азия елдеріне келер болсақ, Тәжікстан – 98 (67,8 балл), Түрікменстан 128 орын (59,9 балл) иеленген. Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан рейтингте бізден жоғары тұр (50 және 65 орын).

ТДМ-ға қол жеткізуде еліміздің динамикасы әртүрлі. Кей бағыттарда көрсеткіш нәтижесі жақсарып, тұрақты ілгерілеу байқалғанымен, кей салаларға әлі де көңіл бөлу қажет. Қазақстан кедейлікті жойды деуге болады, яғни осы мақсатқа жету межесінде тұр. Сонымен қатар оң өзгеріс азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен таза энергетика, сумен жабдықтау мен санитария, инфрақұрылым және инновациялар салаларында да байқалады.

Мысалы, Тұрақты дамудың бірінші мақсаты - «Кедейлікті жою» бойынша Қазақстанның нәтижесі жыл сайын бірқатар ЭЫДҰ елдерінің көрсеткіштеріне жақын болады. «Күніне 3,00 АҚШ долларынан аз табысқа өмір сүретін халықтың үлесі» индикаторы бойынша Қазақстан көрсеткіші – 0,8%, бұл Латвия (0,5%), Мажарстан (0,6%) және Норвегия (0,1%) секілді елдердің көрсеткішімен шамалас.

Екінші мақсат - «Аштықты жою» бойынша қауіпті пестицидтер экспорты біршама төмендеп, бір миллион адамға шаққанда 3,8 тоннадан 3,5 тоннаға дейін азайды. Үшінші мақсат - «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бойынша 5 жасқа дейінгі балалар өлімі 1 000 тірі туған балаға шаққанда 9,6-дан 9,4-ке дейін төмендеді. Алтыншы мақсат - «Таза су және санитария» бойынша ауызсумен жабдықтаудың базалық қызметтеріне қолжетімділік 95,4%-дан 97,8%-ға дейін жақсарды; тұщы су алу 34,6%-дан 33,6%-ға дейін төмендеді; өндірісі су тапшылығы бар ресурстарды қажет ететін импорттық тауарлардағы су көлемі жан басына шаққанда 2 248,3 м³-тен 2 165,8 м³-ке дейін азайды. Тоғызыншы тұрақты даму мақсаты - «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» бойынша мобильді кеңжолақты интернетке қосылулар саны 100 адамға шаққанда 91,6-дан 119-ға дейін айтарлықтай өсті; Times Higher Education рейтингінде университеттердің орташа көрсеткіші 30,1-ден 32,1-ге дейін артты, ал патенттік өтінімдер саны халықтың бір миллион адамына шаққанда 79,7-ден 82,1-ге дейін көбейді.

Жақсартуды қажет ететін бағыттар да жоқ емес. Мәселен, 2025 жылмен салыстырғанда білім беру саласында кей көрсеткіштер төмендеген, оған қоса сот төрелігі мен институттардың тиімділігі бойынша жекелеген көрсеткіштер кері кеткен. Бұдан бөлек, ТДМ Индексінің қорытындысы бойынша «елеулі» және «маңызды» сын-қатерлер санаттарында қалып отырған бағыттар бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Оларға гендерлік теңдік, таза энергия, жауапты тұтыну және өндіріс, теңсіздікті қысқарту, климаттың өзгеруімен күрес және құрлық экожүйелерін сақтау жатады.

Анықтама үшін: SDSN есебіндегі UN-Mi Индексі елдердің БҰҰ жүйесіндегі мультилатерализм қағидаттарын қолдау деңгейін де бағалайды. Индекс БҰҰ-ға мүше барлық 193 мемлекетті қамтиды және алты негізгі индикаторға негізделеді: БҰҰ шарттарын ратификациялау, Бас Ассамблеядағы дауыс беру, БҰҰ жүйесі ұйымдарына қатысу, милитаризация, біржақты мәжбүрлеу шаралары және БҰҰ бюджетіне жарна енгізу. 2026 жылы UN-Mi Индексінің орташа көрсеткіші 100 балдан 65 балды алды, ал Қазақстан 77,4 балл нәтижесімен 31-орынға ие болды. Яғни еліміз БҰҰ жүйесіндегі мультилатерализм қағидаттарын өте жоғары деңгейде қолдайтын елдер санатына жатады.

2026 жылғы SDSN есебіне үкіметтердің ТДМ бойынша жұмысын бағалайтын сараптамалық сауалнама енгізілді. Ол елдердің тұрақты даму мақсаттарын мемлекеттік саясатқа, стратегияларға, индикаторларға, бюджетке және үйлестіру тетіктеріне қалай кіріктіріп жатқанын бағалайды. Орта Азия елдерінің ішінде жалғыз Қазақстан ғана осы сауалнамаға еніп, жеті бағыттың бесеуі бойынша оң жауап алды. Бұл Қазақстанның мемлекеттік саясат жүйесінде ТДМ маңызды орын алып отырғанын растайды.

Анықтама үшін: ТДМ индексінде бірқатар шектеу бар екенін атап өту қажет: нәтижелерге деректердің қолжетімділігі, сапасы және салыстыруға келуі әсер етеді; индикаторлардың мәні ресми және бейресми дереккөздерге негізделеді, әрі дереккөздің өзі егжей-тегжейлі көрсетілмейді; сондай-ақ нормализация әдістері мен жекелеген көрсеткіштер бойынша қорытынды нақты емес, шамамен пайдаланылғандықтан, нәтижелерге әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты ТДМ Индексін тұрақты даму саласындағы ұлттық прогресті көрсететін нақты қорытынды емес, мониторинг пен елдерді салыстырудың жалпы құралы ретінде қарастырған жөн.

Түйіндей келе, Индекс нәтижелері Қазақстан ТДМ бойынша қалыпты дамып келе жатқанын және оларды іске асырудың институционалдық негізін нығайтып келе жатқанын көрсетеді. Алайда одан да жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін білім беру, гендерлік теңдік, таза энергия, жауапты тұтыну және өндіріс, теңсіздікті қысқарту, климаттың өзгеруімен күрес, құрлық экожүйелерін сақтау, сондай-ақ сот төрелігі мен институттардың тиімділігі салаларындағы шараларды күшейту қажет.



Қарау саны: 2
Сақталған: 24.06.2026



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары ТДМ іске асырудың институционалдық негізі Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2026
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!