Құқық бұзушылықтың алдын алу және заңсыз қаржы ағындарына қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

22.10.2026

22 қазанда «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ атынан Орнықты даму мақсаттарының (ОДМ) «Бейбітшілік» бағыты бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері – ОДМ жөніндегі хатшылықтың директоры Бақытгүл Хамбар мен хатшылық сарапшысы Санжар Бөлегенов жұмыс тобының отырысына қатысты. Жиында «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» атты 16-шы ОДМ аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және заңсыз қаржы ағындарына қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша қатысушылар құқық бұзушылықтарға әрекет етуден олардың алдын алуға бағытталған шараларға көшу қажеттігін атап өтті. Атап айтқанда, тәуекелдерді ерте анықтау, профилактикалық акциялар, кездесулер мен білім беру іс-шараларын өткізу мәселелеріне назар аударылды. Сондай-ақ құқыққа қайшы мінез-құлыққа әсер ететін әлеуметтік факторларды ескеретін кешенді тәсілдің маңыздылығы айтылды. Бұдан бөлек, соңғы бір жылда кәмелетке толмағандар арасындағы тіркелген буллинг фактілерінің саны артқаны атап өтілді.

Заңсыз қаржы ағындарына қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және заңсыз қаржы ағындарына қарсы күрес жұмыстарының нәтижелері қаралды. Қазақстанның Қаржылық шараларды әзірлеу тобының (FATF) халықаралық стандарттарын орындауда және ұлттық жүйенің белгіленген талаптарға сәйкестік деңгейін арттыруда қол жеткізген ілгерілеуі атап өтілді. Ұлттық тәуекелдерді бағалау, экономиканың осал секторларын анықтау және қаржылық қатерлерді азайту шараларына ерекше назар аударылды.

Отырыс барысында Институттың ОДМ жөніндегі хатшылығының директоры Бақытгүл Хамбар мемлекеттік саясат шараларын жетілдіру және тиісті индикаторларды мемлекеттік жоспарлау құжаттарына енгізу бойынша әзірленген ұсынымдарға тоқталды. Сонымен қатар балалардың психикалық денсаулығына қатысты деректердің сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты қамтитын 16.2.1 индикаторының мониторингінде қолданылатын 2024 жылғы көп көрсеткішті кластерлік зерттеу (MICS) материалдарында тиісті деректердің репрезентативтілігіне қатысты шектеулер бар екені айтылды.

Отырыс қорытындысында ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, алдын алу шараларын жетілдіру және 16-шы ОДМ-ға қол жеткізу барысының мониторинг сапасын арттыру қажеттігі атап өтілді.



Қарау саны: 3
Сақталған: 22.10.2026



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары ТДМ іске асырудың институционалдық негізі Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2026
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!