ОДМ қаржыландыру жүйесін келісу

02.10.2020

1 қазанда «Қазақстандағы орнықты даму мақсаттарын қаржыландыру жүйесін келісу» тақырыбында екі күндік оқыту семинары жалғасты.

Сессияда АзТМЭӘК жоспарлаған ШОК қаржыландыруды бағалауға үлес қосу бойынша Экономикалық зерттеулер институтының мүмкіндіктері қаралды. ОДМ қаржыландыру әдіснамасы және ОДМ іске асыру үшін ШОК-пен белсенді өзара іс-қимыл егжей-тегжейлі қаралды.  

Семинар қатысушыларына Сovid-19 пандемиясынан кейін дамуды қаржыландыру және қалпына келтірудің негізгі тұжырымдамалық тәсілдері түсіндірілді.  
Өз кезегінде, Дамуды қаржыландыруды бағалау (ДҚБ) үкіметтің ОДМ қаржыландыру тетіктерін күшейту тәсілі үшін негізді қамтамасыз ете отырып, 2030 күн тәртібін орындау бөлігінде үкіметтің күш-жігерін нығайтуға арналған.

БҰҰДБ Азия даму банкімен бірлесіп, түрлі елдер үшін 20 ДҚБ өткізді. БҰҰ-ға мүше елдер ОДМ-ды қаржыландыруға байланысты сын-тегеуріндерді Аддис-Абеба іс-қимыл бағдарламасында қабылдады. Орнықты даму стратегияларын қолдау үшін қаржыландырудың кешенді ұлттық жүйелерін (ҚКҰЖ) құру туралы шешім қабылданды.

Бұдан басқа, БҰҰДБ қолданыстағы қаржы ресурстарын талдау және ДҚБ-ды қоса алғанда, ОДМ-ға қол жеткізу үшін қосымша қаржыландыру көздерін неғұрлым тиімді жұмылдыру мүмкіндіктерін анықтау үшін бірқатар құралдар әзірледі.

Жұмыс сессиясында спикер Mr. Masato Abe шағын және орта кәсіпорындардың (ШОК) қаржыландыруға қол жетімділігін бағалау үшін АзТМЭӘК негіздемелерін ұсынды.

Қазақстанда ШОК жеткілікті дамымаған. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша (2018 ж.) Қазақстанда ШОК (жеке меншік және мемлекеттік секторлардағы ШОК қоса алғанда) ЖІӨ-нің 20% - ын құрайды, бірақ жұмыс орындарының бар болғаны 28% - ын қамтамасыз етеді. Салыстыру үшін, Сауд Арабиясында ШОК ЖІӨ-нің 20% құрайды, жұмыс орындарының 51% құрайды, Біріккен Араб Әмірліктерінде ШОК жұмыс орындарының 86% қамтамасыз ететін ЖІӨ-нің 30% құрайды.

Спикер Mr. Gregory DePaepe Институт үшін Бірлескен бағдарламаның жұмыс жоспарын орындау бойынша практикалық әрі қарайғы қадамдарды дамытуды қаржыландырудың ағымдағы үрдістерімен таныстырды.

ДҚБ есебін жоспарлы жаңарту шеңберінде ОДМ-ға қол жеткізуге арналған шығындарды бағалау, мемлекеттік және жеке ресурстар үшін нысаналы қаржы

лық мәндерді айқындау жоспарлануда. Жұмыс сессиясы Бірлескен бағдарламаның негізгі талдамалық нәтижелерін әзірлеу үшін ықтимал проблемаларды, тәуекелдер мен олқылықтарды нақты бағалауға бағытталған. Жұмыстың негізгі кезеңдері, практикалық талаптары мен негізгі нәтижелері талқыланды.
Бірлескен жұмыстың нәтижесі қолда бар деректерді, негізгі мүдделі тараптарды және әлеуетті қажеттіліктерді талдауға негізделген оң нәтиже беретіні сөзсіз.
Екі күндік семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстанның Дамуын қаржыландыруды бағалауды жаңарту және аяқтау бойынша қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін өзара ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Күтілетін нәтижелер:

1.    ОДМ қаржыландырудың тұтас стратегиясын құру және оның негізгі институционалдық құрамдауыштары;
2.    Гендерлік және балаларды бюджеттеу саласындағы құралдарды әзірлеу;
3.    ОДМ іске асырудың ұлттық сәулетін нығайту.


Қарау саны: 1877
Сақталған: 22.12.2024



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!