ЭЫДҰ отырысында ОА жөніндегі бастамалар қаралды
01.07.2020
Отырыс 2020 жылдың 1 шілдесінде Zoom бағдарламасы арқылы өткізілді. Вебинарға 94 қатысушы қосылды: ЭЫДҰ-ның Еуразия елдерінің (Әзірбайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина) бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша бағдарламасына қатысушы 13 ел елшіліктерінің, мемлекеттік органдарының өкілдері , халықаралық сарапшылар, Еуропалық Одақ, ЭЫДҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері Қазақстан тарапынан бейнеконференцияға Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінің, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ өкілдері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде келесі бастамалар талқыланды: - Польша мен Швецияның бірлескен төрағалық етуімен ЭЫДҰ-ның Шығыс Еуропа және Кавказ елдері бойынша бастамасы; - Еуропалық Одақ пен Қырғызстанның бірлескен төрағалық етуімен ЭЫДҰ-ның Орталық Азия елдері бойынша бастамасы. Отырыстың төрағасы, сондай-ақ отырыстың модераторы ЭЫДҰ-дағы Чехия Республикасының Елшісі және тұрақты өкілі, отырыстың күн тәртібінің жобасын ұсынған ЭЫДҰ-ның Еуразия істері жөніндегі Консультативтік кеңесінің төрағасы Петр Гандалович болды. ЭЫДҰ-дағы Латвия Республикасының Елшісі және тұрақты өкілі, ЭЫДҰ сыртқы байланыстар комитетінің төрағасы Ивита Бурмистре Еуразиялық бағдарлама коронавирус пандемиясының қазіргі болмысында ақпарат пен білім алмасудың маңызды платформасы болып табылатынын, сондай-ақ ЭЫДҰ-ның халықаралық қатынастар саласындағы, атап айтқанда Еуразиялық өңір үшін басым міндеттерге шолу ұсынғанын атап өтті. ЭЫДҰ Хатшылығының өкілдері: ЭЫДҰ сыртқы байланыстар бөлімшесінің директоры Андреас Шааль мырза және Еуразия ЭЫДҰ бөлімшесінің басшысы Уильям Томпсон мырза ағымдағы жұмыс бағдарламасының негізгі нәтижелерін, сондай-ақ 2020-2022 жылдарға жоспарланған іс-қимыл бағдарламасын, оның ішінде Бағдарламаның өкілеттіктерін жаңа мерзімге ұзарту шарттарын (2021-2025 жылдар) ұсынды. Қосымша Андреас Шааль мырза Бағдарламаны іске асырудың 1-ші кезеңі кезінде Қазақстан тарапынан кең қолдау көрсетілгені айтылып кетті. Отырыс барысында Бағдарламаның қызметі қаралды және келесі бастамалар бойынша оның жұмысының одан әрі бағыттары талқыланды: - ЭЫДҰ-ның Орталық Азия елдері бойынша бастамасы (САІ), оның шеңберінде Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің ынтымақтастық бөлімінің бастығы Йоханнес Мадсен және Қырғызстанның Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Муктар Жұмалиев баяндама жасады, ол ағымдағы мандаттың әрекет ету кезеңінде өңірде іске асырылған табыстарымен және жобаларымен бөлісті. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Аяна Манасова да сөз сөйледі. ЭЫДҰ бөлімшесі 2021-2025 жылдардағы мандаттың қолданылу мерзіміне Қырғызстан атынан Тең төраға өкілеттігін Қазақстанға беруді жоспарлап отыр. Манасова ханым ЭЫДҰ - ға Ортаазиялық өңірді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы үшін алғысын айтып Қазақстан Республикасы 2008 жылдан бастап Еуразия ЭЫДҰ бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасайтынын айтты-осы уақыт ішінде ел комитеттер, жұмыс топтарын қамтитын ЭЫДҰ-ның 30 органымен ынтымақтаса бастағанын айтты. Ол тұтастай алғанда ЭЫДҰ бөлімшесінің қолдауымен жүзеге асырылған Қазақстанның ұйыммен ынтымақтастығының басымдықтарын атап өтті; ЭЫДҰ-ның Орталық Азия елдері бойынша бастамасының тең төрағасы өкілеттігін Қазақстанға беру туралы ЭЫДҰ бастамасына оң қолдау көрсетті. Аясова ханым Қазақстанның бастаманы тең төрағалық ету тәжірибесі бар екенін және бұл Еуразияның ЭЫДҰ бөлімшесінің бастамасын қолдауды жалғастыратын және Ұйымға қаржылық қолдау көрсетуге дайын елдің күшті жағы болып табылатынын хабарлады. - ЭЫДҰ-ның Шығыс Еуропа мен Оңтүстік Кавказ бойынша бастамасы (EESCI), оның аясында ЭЫДҰ жанындағы Швецияның Елшісі және тұрақты өкілі Анна Брандт және ЭЫДҰ жанындағы Польша елшісі Александр Сурдей баяндама жасады. Өзбекстан, Молдова, Ауғанстан, Грузия, Тәжікстан, Беларусь, Моңғолия, Украина және Армения өкілдері өз өңірлеріндегі бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі жетістіктері мен оң нәтижелерін атап өтті, сондай-ақ алдағы уақыттағы жұмыс перспективалары туралы пікірлерімен бөлісті. Отырыс соңында Чехия Республикасының Елшісі және ЭЫДҰ-дағы Тұрақты Өкілі, ЭЫДҰ-ның Еуразия істері жөніндегі Консультативтік кеңесінің төрағасы Петр Гандалович отырыстың негізгі сәттері бойынша қорытынды жасады.
Қарау саны: 2399 |
|
|