Вебинар
15.12.2020
2020 жылғы 14 желтоқсанда Экономикалық ынтымақтастық және даму
ұйымының (бұдан әрі-ЭЫДҰ) Ұлттық байланыс орталығы институтының (ҰБО) 20
жылдық қызметіне арналған "Бизнесті жауапты жүргізу бойынша Ұлттық
байланыс орталықтарының қызметі - құқықтық қорғау құралдарына қол
жеткізуді қамтамасыз ету: 20 жылдан кейін және алға қарай жол" вебинары
өтті. Естеріңізге сала кетейік, ҰБО
көпұлтты компаниялар үшін ЭЫДҰ Басқарушы қағидаттарын бұзуға қатысты
өтініштерді шешу бойынша соттан тыс тетік ретінде жұмыс істейді. ҰБО
үйлестіру бойынша бизнесті жауапты жүргізу орталығы басқарушысының м.а.
- Николас Хачезу құттықтау сөз сөйледі, ол ҰБО-ның 20 жылдық қызметі
туралы есепті (бұдан әрі - Есеп) ұсынды. Анықтамалық:
Есеппен мына сілтеме бойынша танысуға болады
ссылке:http://mneguidelines.oecd.org/NCPs-for-RBC-providing-access-to-remedy-20-years-and-the-road-ahead.pdf Есептің негізгі тақырыптары:
Бизнесті
жауапты жүргізу жөніндегі жұмыс тобының төрағасы-Кристин Кауфман ҰБО
қызметі туралы тарихи анықтаманы таныстырды. Атап айтқанда, ҰБО
қызметінің тарихи құрамдас бөлігі, көпұлтты компаниялар үшін ЭЫДҰ
Басқарушы қағидаттарын тиісінше имплементациялау бойынша қиындықтар,
сондай-ақ әртүрлі юрисдикциялардағы ҰБО кооперациясының маңыздылығы атап
өтілді. Сонымен қатар, 2000 жылдан бастап 49 ұлттық ҰБО құрылды, олар
100-ден астам ел қатысқан 500-ден астам істі қарады. Көрсетілген
жетістіктер бизнесті жауапты жүргізу саласында корпоративтік,
әлеуметтік, экологиялық, еңбек мәселелеріне қатысты оң үрдісті байқауға
мүмкіндік береді. ҰБО қызметін жақсарту бойынша талқыланған мәселелер шеңберінде спикерлер мынадай тұжырымдар жасады:
Қорытындылай келе,
спикерлер ҰБО-ның қызметі бизнес-ортаны қалыптастыруға және дамытуға
сөзсіз оң әсер ететінін атап өтті. Сондай-ақ, сарапшылар негізгі
факторлардың бірі ретінде ҰБО-ның "өзара іс-қимылын" атап өтті. Атап
айтқанда, бұл өзара іс-қимыл ҰБО-ның өзара ынтымақтастығында ғана емес,
ұлттық саясатты қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдармен өзара
іс-қимылда да көрініс табуы тиіс. 2020
жылы Қазақстан ҰБО Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігінің базасында өз қызметін қайта бастады. Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 18 маусымдағы № 124
бұйрығымен "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Қазақстандағы ҰБО
Хатшылығы болып белгіленді.
Қарау саны: 1950 |
|
|