ЭЫДҰ

26.03.2021

Ағымдағы жылдың 11 наурызында Уругвай ЭЫДҰ-ның халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар туралы декларациясына (бұдан әрі - Декларация) қол қойған 50-ші мемлекет болды.

Өз кезегінде, аталған Декларацияға қол қою Уругвай экономика министрлігінің базасында жұмыс істейтін 50-ші Ұлттық байланыс орталығын құруды көздейді. 

Декларация қосылған үкіметтердің халықаралық инвестициялар үшін ашық және айқын ортаны қамтамасыз етуге, сондай-ақ көпұлтты кәсіпорындардың экономикалық және әлеуметтік прогреске қосқан оң үлесін ынталандыруға саяси міндеттемесін білдіреді.

Сонымен қатар, Уругвай ЭЫДҰ мүшесі болып табылмайтын 13-ші қол қоюшы ел болды, олардың қатарына Аргентина, Бразилия, Румыния, Египет, Перу, Марокко, Тунис, Коста-Рика, Иордания, Украина, Қазақстан, Хорватия қосылды.  




Қарау саны: 1655
Сақталған: 26.03.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!