Практикалық семинар
11.12.2020
2020 жылғы 9 желтоқсанда Экономикалық зерттеулер институты заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар үшін "Қазақстан Республикасы Заң жобалары әрекеттерінің әлеуметтік-экономикалық салдарларына бағалау жүргізу сапасын арттыру" тақырыбында онлайн-форматта практикалық семинар өткізді.Семинар "Қазақстан Республикасының заң жобаларының ғылыми экономикалық сараптамасы" мемлекеттік тапсырмасын орындау шеңберінде өтті. Мақсаты: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заң жобасының мысалында паспорттың бөлімдері бойынша заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау әдістемесінің ережелерін түсіндіру тәртібі. Семинарда келесі бөлімдер бойынша теориялық түсіндірмесі бар Паспортты практикалық толтыру жүргізілді: 2. Заң жобасын әзірлеудің негізділігі және уақтылығы; 3. Нысаналы топтар үшін пайдалар мен шығасыларды талдау әдісін қолдана отырып, әлеуметтік-экономикалық салдарларды талдау; 4. Іске асыру тәуекелдері; 5. Заң жобасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу құралдары; 6. Заң жобасын жария талқылау нәтижелері; 7. Қосымша. Іс-шараға 19 мемлекеттік органның сарапшылары, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қызметкерлері қатысты. Соңында әзірлеуші мемлекеттік органдарға Паспортты толтырудың жекелеген мәселелері бойынша ұсынымдар берілді.
Қарау саны: 1598 |
|
|