ERI және «YNTYMAQ»

12.02.2021



2021 жылғы 11 ақпанда «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (бұдан әрі – ЭЗИ) Басқарма төрағасы Р.С. Сұлтанов пен «YNTYMAQ» Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік институтын және еңбекке ақы төлеу жүйесін жаңғырту жөніндегі үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – «YNTYMAQ» Үйлес. кеңесі) төрағасы М. З. Қажыкен Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты ЭЫДҰ-ның көпұлтты компаниялар мен Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығына (бұдан әрі - ҰБО) арналған  Басқарушы қағидаттарын ілгерілету және тарату бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.

«YNTYMAQ» Үйлес.кеңесі мен ЭЗИ арасындағы ынтымақтастық Қазақстан ҰБО қызметін жаңа сапалы деңгейге көтеруге және бизнесті жауапкершілікпен жүргізу бойынша ЭЫДҰ стантардтарын «іске асыру және енгізу» режиміне өтуге мүмкіндік береді.

Салалық кәсіптік одақтардың ҰБО Хатшылығымен бірлесіп тікелей мүдделілігі нақты проблемаларды және оларды өзара консультациялар, семинарлар, конференциялар өткізу, сондай-ақ талдамалық материалдар қалыптастыру жолымен жою жолдарын талқылауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, бірлескен қызмет көпұлтты компаниялар қызметкерлерінің, сондай-ақ өзге де мүдделі тараптардың әлеуметтік-экономикалық ұстанымдарын жақсарта отырып, ЭЫДҰ-ның үздік практикасының стандарттарын қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындауда өз көрінісін табуы мүмкін деп күтілуде. 
Мәлімет үшін:

«YNTYMAQ»  Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік институтын және еңбекке ақы төлеу жүйесін жаңғырту жөніндегі үйлестіру кеңесі кәсіби одақтардың салалық бірлестіктерінің ашық пікірталас алаңы болып табылады.

Бүгінгі күні Қазақстандағы ҰБО көп ұлтты компанияларға арналған ЭЫДҰ Басқарушы қағидаттарының ережелерін бұзу туралы қаралатын өтініштер бойынша шешімдерді қабылдайтын алқалы кеңесші орган болып табылады, оның ішінде жалпы саясат, ақпаратты ашу, адам құқықтары, еңбек және өндірістік қатынастар, салық салу, қоршаған орта, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ғылым және технологиялар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ бәсекелестік мәселелері. 



Қарау саны: 1482
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!