ЭЫДҰ вебинары
09.06.2021
2021 жылғы 9 маусымда ЭЫДҰ-ның "Назарда - Қазақстан: цифрландыру және ШОК қызметінің шарттары" тақырыбында онлайн — вебинары өтті.
Талқылау ЭЫДҰ-ның "Орталық Азия елдеріндегі кәсіпкерліктің және инвестициялық қызметтің құқықтық ортасын жетілдіру" баяндамасы авторларының тұжырымдары негізінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері (ШОК) үшін нормативтік-құқықтық және операциялық ортаны жақсарту тәсілдеріне назар аударды.
Вебинарға 50-ден астам адам қатысты, олардың ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ), Еуропалық Одақтың (ЕО), Ұлттық экономика, Қаржы, Сыртқы істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ және "Зерде "ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі" АҚ өкілдері болды. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (бұдан әрі - Институт) атынан осы вебинарға қатысқандар:
Онлайн-вебинар ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықовтың және ЕО Өкілдігінің Ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Стенбек-Мадсеннің сәлемдесу сөзімен ашылды.
ЭЫДҰ-ның келесі өкілдері баяндама жасады:
Баяндамаларды талқылау барысында ЭЫДҰ дайындаған баяндаманың мынадай аспектілері қозғалды:
Вебинар қорытындысы бойынша қатысушылар баяндамада пайдаланылатын ақпарат пен деректерді жетілдіру және жаңарту бойынша ұсыныстарды алдағы жылы қорытынды редакциядағы нақты жағдайға сәйкестендіру үшін енгізді.
Қарау саны: 1557 |
|
|