ЭЫДҰ-ға шолу
09.09.2021
COVID-19-дың ішімдікті ішуге деген ықпалы және ішімдікке салынудың алдын-алу жөніндегі саясат шаралары[1]Ішімдіктің онлайн-сатылымы пандемия кезінде 234%-ға өсті. COVID-19 пандемиясы және оған байланысты үкіметтің ұтқырлықты шектеу шаралары ішімдікті ішу моделі мен орындарына ықпал етті. Сауығуға деген жол ұзақ және қиын болып қалғанымен, бұл дағдарыс адамдардың стрессті жеңу үшін ішімдікке салыну қаупін арттыруда.
COVID-19 пандемиясы кезінде ішімдікті ішу өз кезегінде қауіп факторы болып табылатын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өскені байқалды.
Ішімдікті ішу денсаулыққа зиян тигізеді, аурулар мен жарақаттарға себепші болады, иммунитеттің COVID-19-ға деген реакциясын әлсіретеді және айтарлықтай экономикалық және әлеуметтік шығындарға әкеледі
COVID-19 пандемиясы кезінде адамдар тұтыну орындарын барлар мен мейрамханалардан үйлерге ауыстыру арқылы ішімдік ішу әдетін айтарлықтай өзгертті.
Көп адамдар үшін ішімдік олардың әлеуметтік өмірінің бір бөлігі болып табылады, және оны COVID-19 айтарлықтай бұзды.
Жалпы алғанда, адамдардың көпшілігі ішкен ішімдіктің мөлшерін өзгертпеген, бірақ мұны істеген адамдар тұтыну мөлшерін ұлғайтқан. Мемлекеттік салық түсімдері туралы алдын-ала мәліметтерге сүйенетін болсақ, Германия, Ұлыбритания және АҚШ-та ішімдік сатылымы 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 3-5%-ға өскен. Барлар мен мейрамханаларда ішімдік сатылымы күрт төмендеді, бұл өз кезегінде осы секторға айтарлықтай ықпал етті. Онлайн-сатылымдар 234%-ға дейін өсті.
Ішімдік ішу экономика мен қоғамға ауыр зиян келтіреді.
Келесі 30 жыл ішінде және ЭЫДҰ елдері бойынша орта есеппен әйелдер үшін күніне біреуден артық сусын және ерлер үшін күніне 1,5 порция сусын ішуден туындаған аурулар мен жарақаттар, (модельдеу үшін арнайы қолданылатын төмен тәуекелдің шекті мәндеріне сәйкес келеді) өмір сүру ұзақтығын керісінше жағдайға қарағанда 0,9 жылға қысқартатын болады; олар сонымен бірге денсаулық сақтауға жұмсалатын жалпы шығындардың шамамен 2,4%-ын алатын болады; ЖІӨ (жұмыс күші мен өнімділіктің төмендеуіне байланысты) ішімдікті ішу орын алмаған жағдайға қарағанда 1,6%-ға төмен болады.
COVID-19 пандемиясы адамдардың өмір салтын, оның ішінде олардың ішімдік ішу әдеттерін өзгертті. Көп жағдайда үкіметтің вирустың таралуын болдырмау жөніндегі қатаң саясаты адамдарды үй ішінде тиімді ұстап отырды. Мысалы, ЭЫДҰ елдеріндегі жұмыскерлердің 39%-ы қашықтан жұмыс істеуге ауысты (OECD, 2020), ал миллиондаған балалар онлайн және үйден оқытуға көшті.
Бос уақытқа, мысалы, интернетте өткізілетін уақыттың күрт өсуі де әсер етті.
Ішімдік ішу әдеттері де өзгерді: ішімдік ішу мөлшері, жиілігі және орны. Атап айтқанда, соңғы деректер мынаны көрсетеді:
Салыстыру үшін: соңғы 30 жыл ішінде ЭЫДҰ елдерінде өмір сүру ұзақтығы шамамен 6,7 жылға артты (World Bank, 2020). Ішімдікті ішу халықтың денсаулығын анықтайтын факторлардың бірі ғана, бірақ күніне 1 / 1,5 порциядан аз ішімдік сусының ішу өткен уақыт аралығында тіркелген өмір сүру ұзақтығының жалпы өсімінің шамамен 13% - ын қамтамасыз етеді. Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде өмір сүру ұзақтығының барынша қысқаруы болжанып отыр. Ішімдікті күніне 1/1, 5 порциядан артық ішуден туындаған аурулар мен жарақаттар ЭЫДҰ елдері бойынша денсаулық сақтауға жұмсалатын жалпы шығындардың шамамен 2,4%-ын емдеуге жұмсауды талап ететін болады.
Балалар мен ішімдік ішетін адамдарды қорғауға инвестициялар жасау әсіресе пандемия кезінде өте маңызды болып табылады.МЖСЫ саясаттар пакеті ішімдікке салынумен тиімді және пәрменді күресуге мүмкіндік беретін кешенді құралдар жиынтығын қамтиды.
Ішімдікті шамадан тыс ішумен күресу шаралары әрқашан күрделі ымыраға келулерді талап етеді.Ішімдік өндірісі мен саудасы бірқатар ЭЫДҰ елдері экономикасының маңызды бөлігін құрайды.
Ішімдік өнеркәсібінің кірістеріне саяси шаралар әсер етсе де, тиімді немесе тиімсіз тәсілдер болса да, саланың қосымша шығындарын азайтуға қарсы шаралар бар. Ішімдік өнеркәсібі үшін зардаптарды жұмсарту тәсілдерін қамтитын кешенді, жақсы ойластырылған саясат шараларының пакеттері экономикаға елеулі теріс әсер етпестен денсаулыққа қатысты күтілетін пайданы қамтамасыз ете алады.
Мысалы, реттеу немесе баға саясаты жаңа стратегияны немесе жаңа өнімді әзірлеу шығындары сияқты бейімделу шығындарын тудырады, бірақ жаңа өнімдер жаңа табыстар әкелуі мүмкін.
Бұдан бөлек, деректер ішімдікке қатысты саясатты іске асыру нәтижесінде ішімдік өніміне жұмсалатын шығындарды азайтудан түсетін жинақ ақша басқа да қосымша тауарлар үшін қолданылуы мүмкін екенін көрсетуде. Сол сияқты, Австралия, Ұлыбритания және АҚШ-тың мәліметтері ішімдік өнеркәсібіндегі жұмыспен қамтудың төмендеуі басқа салалардағы жұмыспен қамтудың өсуімен ішінара немесе толық өтелуі мүмкін екенін көрсетуде (ЭЫДҰ, 2021 ж.).
Ішімдікке тәуелділікке қарсы күрес шаралары әрдайым күрделі мәмілелерді болжайды, мысалы, олардың экономикаға және еңбек нарығына ықпалы, сондай-ақ саясат тұтынушылардың қандай түріне бағытталғандығына. Мысалы, барлық тұтынушыларға бағытталған шаралар тиімді, бірақ олар ішімдікті аз немесе орташа мөлшерде тұтынатындарға, сондай-ақ ішімдікті көп мөлшерде тұтынатындарға әсер етеді. Екінші ағынан, ішімдік ішуге тәуелді адамдарға ғана бағытталған іс-шаралар бұл адамдарға қысқа мерзімді және орта мерзімді айтарлықтай әсер еткенімен, бірақ жалпы халық деңгейіне аз әсер етеді және әдетте іске асыру құны жоғары болады. [1] https://www.oecd.org/coronavirus/policy-responses/the-effect-of-covid-19-on-alcohol-consumption-and-policy-responses-to-prevent-harmful-alcohol-consumption-53890024/#section-d1e118
Қарау саны: 1495 |
|
|