ЭЫДҰ-ның бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі Жұмыс тобының отырысы
04.10.2022
28-30 қыркүйекте Кристин Кауфманның төрағалығымен ЭЫДҰ бизнесті жауапты жүргізу (бұдан әрі - БЖЖ) жөніндегі Жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Қазақстан тарапынан ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің, "KAZAKH INVEST Ұлттық компаниясы" АҚ-ның және "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ-ның өкілдері қатысты. Отырыс бейнеконференция форматында өтті және Басшылық қағидаттар тармақтарын мақсатты жаңартуды, оның ішінде бағдарлы жол картасын және БЖЖ жөніндегі Жұмыс тобының маусым айындағы кездесуінен кейін қол жеткізілген прогресті талқылауға арналды.
Екінші күн шеңберінде ЭЫДҰ Хатшылығы ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарының I-VI тарауларының әлеуетті нысаналы жаңартуларына шолу ұсынды, содан кейін делегаттар негізгі мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды. Ұлттық байланыс орталықтарына (бұдан әрі – ҰБО) қатысты мақсатты жаңартудың "Институционалдық сәйкестік" санаттары да талқыланды. Ағымдағы жылдың маусым айында БЖЖ жөніндегі Жұмыс тобын талқылау және делегаттардан алынған пікірлері қорытындысы бойынша ЭЫДҰ Хатшылығы функционалдық эквиваленттілікке, институционалдық тетіктерге, ҰБО желісін қадағалауға және ҰБО мандатына байланысты енгізу рәсімдерінің ұсынылған нысаналы жаңартуларының қайта қаралған нұсқасын ұсынды. Отырыстың үшінші күні ЭЫДҰ-ның БЖЖ жөніндегі Жұмыс тобының төрағасы Кристин Кауфман ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарын, оның ішінде оны іске асыру рәсімдерін мақсатты түрде жаңарту үшін Жол картасын таныстырды. Ол өз баяндамасында жаһандық жеткізу тізбегіндегі халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың, соның ішінде адам құқықтары мен халықаралық деңгейде танылған еңбек құқықтарын көтермелеу арқылы нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Отырыс барысында делегаттар арасында мынадай тармақтарға түзетулер енгізуге қатысты пікір алмасу мүмкіндігі болды: нақты жағдайлар (specific instances), нақты жағдайларды қарау мерзімдері және сараптамалық бағалау. Талқылау қорытындысы бойынша өткізілген талқылаудың әрбір тармағы бойынша түсініктемелер беру уағдаластығына қол жеткізілді, содан кейін ЭЫДҰ Хатшылығы кейіннен мақұлдау және талқылау мақсатында құжаттардың жаңартылған нұсқасын дайындайды. Анықтамалық: ЭЫДҰ — 1948 жылы құрылған және өкілді демократия мен еркін нарықтық экономика принциптерін мойындайтын дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымы. ЭЫДҰ-ның мақсаты тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және мүше елдердің өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған үйлестірілген саясат жүргізу болып табылады. ЭЫДҰ мүшелері 38 ел болып табылады. Қазақстан ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты 2008 жылдан бастап жүзеге асырып келеді.
Қарау саны: 1141 |
|
|