ЕО-ның "Орталық Азиядағы өркендеу" бағдарламасы
17.10.2024
2024 жылғы 15 қазанда Астана 0аласында (Rixos President Astana) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) Орталық Азиядағы көлік байланысын дамытуға және Транскаспий көлік бағытын (бұдан әрі - ТККБ) ілгерілетуге мониторинг жүргізуге арналған семинар өткізді. Іс-шараға Сауда және интеграция, Көлік министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ "QazTrade" АҚ, ТККБ халықаралық қауымдастығының, Еуропалық қайта құру және даму банкінің, елшіліктердің және "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ өкілдері қатысты. Семинар ЕО қаржыландыратын ЭЫДҰ-ның Орталық Азиядағы өркендеу жөніндегі жаңа жобасының іске қосылуын атап өтті. Жоба Орталық Азия бизнесінің халықаралық нарыққа шығуына жәрдемдесе отырып, ТККБ арқылы қолайлы бизнес-орта құруға және өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуды ынталандыруға бағытталған. Жоба шеңберінде ЭЫДҰ сауданы дамытудағы, логистикалық инфрақұрылымды жаңғыртудағы және Орталық Азияның бес еліндегі іс-қимылдарды үйлестірудегі ілгерілісті бағалауды жүргізеді, одан әрі дамыту үшін басым бағыттарды айқындайды. Семинарда ЭЫДҰ жаңа жобаның мақсаттары мен әдіснамасын, сондай-ақ Орталық Азия мен Қазақстандағы ТККБ дамуын сараптамалық бағалауды ұсынды. Қатысушылар ағымдағы жағдай мен мәселелер туралы пікірлерімен бөлісті, бұл жоба шеңберінде одан әрі талдау үшін пайдаланылатын болады. Жоғары лауазымды тұлғалардың қатысуымен жобаның соңғы нұсқасы қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін 2025 жылы ұсынылады деп жоспарлануда.
Қарау саны: 79 |
|
|