Қазақстандағы ЭЫДҰ стандарттары: Тауар нарықтарын реттеу индексі

13.05.2025

Тауар нарықтарын реттеу индексі (Product Market Regulation, бұдан әрі - PMR) алғаш рет Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (бұдан әрі - ЭЫДҰ) 1998 жылы жариялады. Бұл индекс экономиканың түрлі секторларында мемлекеттік реттеу құратын бәсекелестік пен нарықтарға кіру үшін кедергілер дәрежесін сандық бағалау үшін әзірленді. Индекс лицензиялауға, бағаны бақылауға, мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруға, реттеу рәсімдеріне және басқа аспектілерге қатысты 1000-нан астам сұрақты қамтиды.

PMR енгізілген сәттен бастап ЭЫДҰ елдері бұл құралды құрылымдық реформаларды жүргізу үшін белсенді қолданды. 1998-2008 жылдар аралығында тауар нарықтарын, әсіресе газ, электр және телекоммуникация секторларында реттеу деңгейінің едәуір төмендеуі байқалды1. Мұндай реформалар өнімділік пен экономикалық дамуды арттыруға ықпал етті.

Мысалы, Германия энергетика және телекоммуникация саласында реформалар жүргізіп, PMR индексін 1998 және 2008 жылдар аралығында 2,0-ден 1,27-ге дейін төмендетті, бірақ, бұл ретте, кәсіби қызметтердегі шектеулерді сақтап келеді4. Сонымен қатар, Литва 2024 жылы мемлекеттік кәсіпорындарда корпоративтік басқаруды жақсарту және лицензиялауды жеңілдету арқасында ЭЫДҰ елдері арасында PMR рейтингінде 1-орынға ие болды2. Ал Оңтүстік Корея 2018 жылғы 33-орыннан 2023 жылғы 20-орынға көтеріліп, әкімшілік кедергілерді азайтып, бәсекелестікті күшейтті3.

Өз кезегінде, Қазақстан 2014 жылғы 18 сәуірде қол қойылған ЭЫДҰ Елдік бағдарламасы шеңберінде тауар нарықтарын реттеу жөніндегі ЭЫДҰ стандартын (PMR) енгізе бастады. Бұл бағдарламаның мақсаты орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге, мемлекеттік институттардың бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған реформаларды жүргізуге жәрдемдесу болып табылады5. Бұл үдерістегі негізгі бағыттардың бірі мемлекеттің экономикадағы рөлін қысқарту болды. Осылайша, халықаралық валюта қорының деректері бойынша, 2021 жылы Қазақстанның ЖІӨ-дегі мемлекеттік кәсіпорындардың үлесі 14,5%-ды құрады, бұл 2025 жылға қарай 14% нысаналы бағдарға қарай үдемелі қозғалыс туралы куәландырады6.

2023 жылы Қазақстан реттеуші ортаны жақсартуға бағытталған реформаларды іске асыруын жалғастырды. Атап айтқанда, бизнеске қатысты жаңа реттеуші саясат енгізілді, сондай-ақ міндетті талаптар тізілімі жарияланды, оған сәйкес тексерулерге тек тізілімге енгізілген ережелер бойынша ғана жол беріледі7. Бұл реттеуші қызметтің транспаренттілігін арттыру бағытындағы маңызды қадам болды.

Дегенмен, ілгеріліске қарамастан, Қазақстан ЭЫДҰ елдерінің PMR индексі бойынша орташа көрсеткіштерінен артта қалып келеді. 2024 жылғы мәліметтер бойынша, Қазақстан үшін индекстің жиынтық мәні 2,13 құрады, бұл ретте, ЭЫДҰ елдері бойынша орташа мәні - 1,40. Мемлекеттің экономикаға қатысу деңгейі (4,01 қарсы 2,15) және мемлекеттік компаниялардағы корпоративтік басқару сапасы (4,65 қарсы 2,13) сияқты негізгі компоненттерде едәуір артта қалу байқалды8.

Бұл нәтижелер ЭЫДҰ стандарттарына қол жеткізу және нарықтық реттеу тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік қатысу және мемлекеттік компанияларды басқару саласындағы одан әрі реформалардың қажеттілігін көрсетеді.

Осылайша, ЭЫДҰ тауар нарықтарын реттеу индексі (PMR) - реттеуші ортаны сандық бағалау құралы ғана емес, сондай-ақ құрылымдық реформаларды ынталандырудың пәрменді тетігі. Оны қолдану елдерге бәсекелестікті дамытуға, инвестицияларды тартуға және өнімділіктің өсуіне ықпал ете отырып, артық кедергілерді анықтауға және жоюға мүмкіндік береді. Экономиканы жаңғыртуға және жаһандық нарықтарға енгізуге ұмтылатын мемлекеттер үшін PMR әдіснамасына енгізілген тәсілдерді пайдалану табысты экономикалық саясаттың ажырамас элементіне айналатынын атап өткен жөн.



1 https://www.oecd.org/en/publications/ten-years-of-product-market-reform-in-oecd-countries_224255001640.html

2 https://eimin.lrv.lt/en/structure-and-contacts/news-1/lithuania-ranks-first-in-oecd-product-market-regulation-index

https://gangnam.com/magazine/business/nations-product-market-regulation-index-hits-oecd-average

4 https://www.oecd.org/content/dam/oecd/en/topics/policy-sub-issues/product-market-regulation/Germany_PMR%20country%20note.pdf

5 https://www.oecd.org/content/dam/oecd/en/publications/reports/2018/04/reforming-kazakhstan_c71ae50f/18ba0d60-en.pdf

6 https://www.imf.org/-/media/Files/Publications/CR/2025/English/1kazea2025001-print-pdf.ashx

7 https://primeminister.kz/en/news/new-regulatory-policy-for-business-implemented-in-kazakhstan-23782

8 https://www.imf.org/-/media/Files/Publications/CR/2025/English/1kazea2025001-print-pdf.ashx



Қарау саны: 4
Сақталған: 18.05.2025



ЭЫДҰ

ЭЫДҰ деген не ЭЫДҰ мүше елдері ЭЫДҰ Хатшылығының құрылымы ЭЫДҰ бағыттары Қазақстан және ЭЫДҰ ЭЫДҰ оқиғалары Іс-шаралар жоспары
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!