Қазақстандағы ЭЫДҰ стандарттары: Инвестициялық саясатқа шолулар
15.07.2025
Инвестициялық саясатқа шолулар (Investment Policy Reviews, бұдан әрі – IPR) 1990-шы жылдардың басында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) елдерге қолайлы инвестициялық ахуал жасауға жәрдемдесу мақсатында іске қосты. Құрал бастапқыда шетелдік инвесторлар үшін ұлттық экономиканың тартымдылығын арттыруға және инвестициялық саясатты халықаралық стандарттармен үйлестіруге ұмтылатын дамушы нарық елдеріне көмектесу үшін әзірленді. 2000-шы жылдардың ортасынан бастап IPR дамушы және өтпелі экономикалардағы, соның ішінде Шығыс Еуропа, Латын Америкасы, Африка және Орталық Азия елдеріндегі инвестициялық реформаларды қолдаудың негізгі тетігіне айналды.
Бұл шолулардың мақсаты - тоғыз бағыт бойынша ұлттық инвестициялық саясатты бағалау: жалпы инвестициялық орта, инвестициялық ырықтандыру, инвестицияларға жәрдемдесу, бизнестің жауапкершілігі, инфрақұрылымға инвестициялар, институционалдық құрылым, дауларды шешу, тұрақты дамуға инвестициялар және халықаралық келісімдерге қатысу. IPR іске асырылғаннан кейін ЭЫДҰ-ның көптеген елдері тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) және макроэкономикалық динамика саласында елеулі жақсартуларға қол жеткізді. Керемет мысал - 2020 жылғы желтоқсанда IPR-дан өткен Грузия. ЭЫДҰ шолуы реттеуші саладағы реформалар, инвесторларды қорғау және бизнесті ырықтандыру Грузияны FDI активтері ЖІӨ-нің 100%-дан асатын елдердің біріне айналдырды, бұл - Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, 2015-2019 жылдар аралығында Грузияға ТШИ ағыны ЖІӨ-нің орта есеппен 10%-ын құрап, аймақтық бәсекелестерден едәуір озып кетті. Реформалар Грузияны инфрақұрылымдық инвестициялар мен қызметтер үшін ғана емес, сондай-ақ 2024 жылы 5-7%-ға жеткен экономикалық дамуды жеделдетуге мүмкіндік берді.
Канада
инвестицияларды тек көлем призмасы
арқылы ғана емес, сондай-ақ
олардың
инновацияға, экспортқа және орнықты
дамуға
әсерін де қарастырады. OECD FDI
Qualities Review of Canada шолуына
сәйкес,
шетелдік компаниялар жеке сектордағы
жұмыспен қамтудың 13%-ын
қамтамасыз
етеді, дегенмен,
олардың жалпы компаниялардың үлесі
1%-ден аз.
Бұл жоғары өнімділікті және технологиялық
салаларға назар аударуды көрсетеді.
OECD Economic Survey деректері бойынша, жинақталған тікелей шетелдік капиталдың көлемі 2022 жылдың аяғында ЖІӨ-нің 69%-ын құрады, бұл ЭЫДҰ орташа деңгейінен (~50%) едәуір жоғары және АҚШ (42%) және Германия (29%) сияқты елдерден озып келеді. Сонымен қатар, Канада ҒЗТКЖ-ға (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар) және "жасыл" салаларға инвестицияларды белсенді тартады: барлық корпоративтік R&D (Research and Development) инвестицияларының 40%-дан астамы шетелдік инвесторларға тиесілі. Бұл ретте, 2023 жылы Канадаға ТШИ жалпы көлемі 62,3 млрд АҚШ долларын құрады, бұл соңғы 10 жылдағы орташа көрсеткіштен 13,9%-ға жоғары. Осылайша, мемлекет IPR-ді инвестициялардың тұрақты көлемін ұстап қана қоймай, оларды экономиканың басым секторларына, инновацияларға, тұрақты даму мен экспортқа бағыттау үшін пайдаланады. Қазақстан ЭЫДҰ инвестициялық саясатына толық шолу жасаған Орталық Азияның бірінші елі болды. 2017 жылы жарияланған баяндамада мемлекеттің экономикадағы рөлін, инвесторлар үшін кедергілерді, институционалдық ортаны және капиталды қорғау тетіктерін қоса алғанда, инвестициялық ахуалды кешенді бағалау болды. ЭЫДҰ ұсынымдарына жауап ретінде институционалдық реформалау бойынша шаралар қабылданды. Мысалы, инвесторларды сүйемелдеу үшін Kazakh Invest ұлттық агенттігі құрылды, инвестициялар туралы заңнамаға өзгерістер енгізілді, сондай-ақ жалпы құқық нормалары негізінде жұмыс істейтін "Астана" халықаралық қаржы орталығы іске қосылды. Қазақстан тұрақты және ұзақ мерзімді инвестицияларды тартуға, оның ішінде инвестициялық төрелік тетіктерін енгізу, рәсімдерді цифрландыру және жаңа инвестициялық стратегияны әзірлеу жолымен баса назар аударды.
2022
жылы басым бағыттар шеңберінде
жаңартылатын энергетика, металлургия,
ауыл шаруашылығы және машина жасау
салаларында 46
жаңа жоба
іске асырылды, бұл
экономиканы үдемелі әртараптандыру
туралы куәландырады.
Бұл жобалардың жалпы құны 4,1
миллиард АҚШ долларын
құрады,
ал
олардың шеңберінде құрылған 6
мыңнан астам жұмыс
орны
өңірлерді дамытуға және жұмыспен қамтуға
инвестициялардың үлесін көрсетеді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы
ТШИ көлемі 17,2
млрд АҚШ долларына
жетті.
ЭЫДҰ осындай шолулар жүргізуі - инвестициялық ахуалды бағалау мен жетілдірудің пәрменді тетігі. Қатысушы елдердің тәжірибесін талдау IPR ұсынымдарын іске асыру институционалдық нығайтуға, ТШИ өсуіне және олардың сапалық құрамын жақсартуға ықпал ететінін көрсетеді. Қазақстан IPR-дан өтіп, реттеу ашықтығын, инвесторларды қорғауды және басым салаларды дамытуды күшейте отырып, негізгі халықаралық тәсілдерді ұлттық саясатқа бейімдеді. 3 https://1tv.ge/lang/en/news/oecd-georgia-ranks-high-in-doing-business-openness-to-foreign-investment 5 https://www.oecd.org/en/publications/oecd-economic-surveys-canada-2025_28f9e02c-en/full-report/raising-business-sector-productivity_443bcd88.html 7 https://www.oecd.org/en/publications/oecd-investment-policy-reviews-kazakhstan-2017_9789264269606-en.html 8 https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/kazakh-invest-rezultaty-2022-goda-demonstriruyut-povyshenie-investitsionnoy-privlekatelnosti/ 9 https://nationalbank.kz/ru/news/press-relizy/15983
Қарау саны: 2 |
|
|