Орталық Азияның 5 елі стратегиялық Меморандумға қол қойды

23.04.2026

Өңірлік экологиялық саммит аясында «КӨОАК. Климаттық қаржыландыру және жеке сектор» панельдік сессиясында Орталық Азия елдерінің жетекші талдау және ғылыми-зерттеу орталықтары арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.


Келісімге қатысушылардың бірі - «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы атынан Басқарма төрағасы Біржан Баткеев. Меморандумға қол қою - өңірлік сараптамалық өзара іс-қимылды нығайтуда және ғылыми әлеуетті шоғырландыруда маңызды қадам.

Құжат өңірдің бес елінің талдау орталықтарын біріктірді: 
  • Қазақстан Республикасынан үш ұйым
  • Қырғыз Республикасынан үш ұйым
  • Тәжікстан Республикасынан екі ұйым
  • Түрікменстаннан бір ұйым
  • Өзбекстан Республикасынан бір ұйым

Меморандумның негізгі мақсаты - ұзақ мерзімді, тең құқылы және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған тәуелсіз зерттеу жүргізу үшін зияткерлік, ақпараттық және ұйымдастырушылық ресурстарды біріктіру.

Меморандум шеңберінде тараптар мынадай бағыттар бойынша бірлескен бастамаларды іске асыруға уағдаласты: ғылыми зерттеу жүргізу, талдамалық баяндама дайындау, өңірлік форумдар ұйымдастыру және академиялық тәжірибемен алмасуды дамыту.

Меморандум өз құрамына басқа да қатысушыларды қабылдауға ашық болып қалатыны бөлек атап өтілді: болашақта оған басқа талдау орталықтары мен ұйымдарды қосу, сондай-ақ жаңа серіктес елдер есебінен қамту ауқымын кеңейту жоспарланып отыр.

Құжатқа қол қою Орталық Азияда өңірлік сараптамалық күн тәртібінің және ынтымақтастықты дамытудың белсенді қатысушысы ретінде Экономикалық зерттеулер институтының маңыздылығын көрсетеді.


Қарау саны: 14
Сақталған: 29.04.2026



ЭЫДҰ

ЭЫДҰ деген не ЭЫДҰ мүше елдері ЭЫДҰ Хатшылығының құрылымы ЭЫДҰ бағыттары Қазақстан және ЭЫДҰ ЭЫДҰ оқиғалары Іс-шаралар жоспары
2026
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!