Аграрлық азық-түлік секторы

28.09.2020

2020 жылғы 24 қыркүйекте ЭЫДҰ-ның «Аграрлық азық-түлік секторының бәсекеге қабілеттілігі саласындағы әлеуетті нығайту және дамыту» мәселелері бойынша вебинары өтті.

Іс-шара Орталық Азия және Шығыс Еуропа үкіметтерімен өткізілетін, COVID-19 стратегиясына жауап беруге арналған Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын вебинарлар сериясының бөлігі болып табылады.


COVID-19 пандемиясының қант нарығына әсері, сондай-ақ қант қызылшасынан қант өндіру вебинардың негізгі тақырыптары  болды. Ұйымдастырушылар ЭЫДҰ сарапшылары арасында, сондай-ақ Қазақстанның саяси қайраткерлері мен ауыл шаруашылығы өңдеу өнеркәсібінің басшылары арасында тәжірибе алмасуға жәрдемдесуге бағытталған

Вебинарды аша отырып, Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Руслан Манатаев қант қызылшасы импортының барынша төмендеуі, азық-түлік қауіпсіздігі және осы саладағы инвестициялық тартымдылық Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында басым болып табылатынын атап өтті.

ЭЫДҰ-ның Еуразия елдерімен жұмыс жөніндегі бөлімшесінің экономикалық талдаушысы Пьер-Эрик Тримуя әлемдегі және Қазақстандағы қант нарығының жағдайына қатысты талдау нәтижелері мен ұсынымдарын ұсынды. Жалпы, Пьер-Эрик Тримуя COVID-19 азық-түлікке деген сұраныс пен қантқа деген сұраныс әсерін айтарлықтай өзгерткенін атап өтті, соның ішінде:

1)    Ішкі сұраныс жоғары құнды тауарлардан қолдануға дайын және сақтауға жарамды негізгі тұтыну өнімдеріне ауысты.
2)    Сату каналдарында өзгерістер болды. Супермаркеттер мен үйге жеткізу қызметтері арқылы сату үлесі артты, ал базарлар, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары кірістердің айтарлықтай төмендегенін атап өтті.
3)    Карантиндік шаралар қанттың ірі тұтынушыларының қатарында болған мектептер, қонақүйлер мен бұқаралық іс-шаралар үшін тамақ ұйымдастыратын мейрамханалар мен фирмалардың жабылуына әкелді.
4)    Бірқатар корпоративті сегменттерде қантқа сұраныс күрт төмендеді (мысалы, газдалған сусындар)
5)    Бірқатар адамдар көп жиналатын орындардың жабылуы кәмпиттер мен кондитерлік өнімдерді тұтынудың төмендеуіне әкелді

Вебинарға Франция мен Украина сарапшылары шақырылды. Сонымен, бірқатар қант зауыттарының бұрынғы басшысы Пьер Шене қант алу процесін оңтайландыру және қант қызылшасын өңдеудің жанама өнімдерін пайдалану тәжірибесімен бөлісті. Пьер Шене семинарға қатысушыларды сығымдалған ұлпа және сығынды баспақтан  суды қайта өңдеудің артықшылықтарымен таныстырды.

Осылайша, вебинарға қатысқан қант өндірісінің қазақстандық мамандары қант өндірісі саласындағы ағымдағы үрдістерді талдаумен танысты, сондай-ақ сығынды кептіру және диффузиялық шырынды тазарту процестері есебінен қант өндірісінің сапасын арттыру саласындағы тәжірибені қабылдады.

Анықтама: ЭЫДҰ-1948 жылы құрылған және дамыған елдердің өкілді демократия мен еркін нарықтық экономика қағидаттарын мойындайтын  халықаралық экономикалық ұйым. ЭЫДҰ мақсаты тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және мүше елдердің өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған үйлестірілген саясатты жүргізу болып табылады. 37 ел ЭЫДҰ мүшелері болып табылады. Қазақстан 2008 жылдан бері ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты жүзеге асырып келеді.






Қарау саны: 2209
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!