ЭЫДҰ-ның Еуразия елдерімен жұмыс жөніндегі бөлімшелері
24.09.2020
23 қыркүйекте ЭЫДҰ-ның Еуразия елдерімен жұмыс жөніндегі «Экономиканы қалпына келтіруге жәрдемдесу және оның тұрақтылығын арттыру» бөлімшесі «Орталық Азия елдерінде кәсіпкерліктің құқықтық ортасын жетілдіру» тақырыбына вебинар өткізді. Вебинарға 156 қатысушы қосылды: кәсіпкерліктің құқықтық ортасын жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға жауапты Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан министрлері және жоғары саяси басшылығының өкілдері; ЭЫДҰ-ға қатысушы елдердің өкілдері, халықаралық сарапшылар мен мамандар, жобаны іске асыру жөніндегі әріптестердің өкілдері, ЕО мен ЭЫДҰ-ның ресми өкілдері. Қазақстан тарапынан бейнеконференцияға Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Әділет Вице-министрі Ақерке Ахметова, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ өкілдері қатысты. Отырыс күн тәртібінде келесілер талқыланды: - инвестициялық қызмет пен сауданың жалпы шарттары - құқықтық орта және отандық кәсіпкерлік субъектілері қызметінің шарттары Вебинар модераторы, ЭЫДҰ-ның Еуразия елдерімен жұмыс жөніндегі бөлімшесінің басшысы Уильям Томпсонды атап өтті: Орталық Азия елдері қолайлы бизнес-ахуал қалыптастыру үшін жақсы реформалар жүргізді. Алайда, жалпы үрдіс құқық қолдану практикасының тиімсіздігін көрсетеді. Инвестициялық қызмет пен сауданың жалпы шарттары ЭЫДҰ-мен салыстырғанда, Орталық Азия елдеріндегі Тікелей шетелдік инвестицияларды шектеу индексі бойынша шектеулер ауыл және орман шаруашылығы, бұқаралық ақпарат құралдары, -Қаржы және бизнес-қызметтер сияқты секторларда шоғырланған. Бұл ретте Өзбекстан Тікелей шетелдік инвестицияларды шектеу индексі бойынша ЭЫДҰ-ға мүше елдерге барынша жақын. Орталық Азияда ТШИ тартудың негізгі шектеулері келесілер болып табылады: - алыста орналасуы және шағын нарық; - мемлекеттік кәсіпорындардың елеулі рөлі мен қатысуы; - дауларды шешу кезінде сот жүйесіне сенімсіздік; - жер заңнамасының жетілдірілмеуі; - зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың әлсіздігі. Кәсіпкерлік субъектілері қызметінің құқықтық ортасы және шарттары Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері бизнес жүргізу және инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдай жасау тәжірибелерімен бөлісті. Барлық елдерге ортақ үрдіс электрондық құжат айналымын енгізу және бизнес үшін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру болып табылады. Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің Инвестициялар және сыртқы экономикалық байланыстар мәселелері жөніндегі орынбасары, Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Өмірзақов атап өтті: Елде соңғы 3 жыл бойы экспортты бақылауды төмендету, салық салуды қысқарту және оны жеңілдетуге, төрелік сотты дамытуға бизнестің тұрақты және бәсекеге қабілетті модельдерін құру, сондай-ақ технологиялық жаңалықтарға бағытталған заңды кәсіпкерлік және инвестициялық саясат жағдайлары саясаты жүргізілуде. Тәжікстанда заңды тұлғаларды тіркеу, меншікті тіркеу, электр энергиясына және басқа да коммуникацияларға қосылу қызметтерін ұсынатын бизнеске арналған бірыңғай терезе құрылды. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2016 жылдан бастап Тәжікстан Президенті жанында Консультациялық кеңес жұмыс істейді. Түрікменстанның Қаржы және экономика министрі Махаммедгелді Сердаров атап өтті: қазіргі уақытта кәсіпорындарды тіркеу рәсімдерін жеңілдету бойынша жұмыс жүргізілуде және Әділет министрлігінің сайтында кәсіпорындар мен инвестициялық жобаларды мемлекеттік тіркеуден өтуге болады. Қырғызстанда 53 мемлекеттік орган біріктірілген «Тұндық» бірыңғай терезесі құрылды. Қазіргі уақытта кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың 92%-ы электронды шот-фактураларды, БКМ пайдаланады, сондай-ақ таңбалау бойынша жұмыс жүргізілуде. Тәжікстан Әділет Министрінің бірінші орынбасары Нигина Ализоданың сөзі бойынша: кәсіпкерлікті реттеудің жаңашылдықтарының бірі - реттеушілік әсерді талдауды енгізу, оның негізгі мақсаты әзірленетін заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарын айқындау және бағалау болып табылады. Осы процесте кез келген кәсіпкерлік субъекті өз көзқарасын білдіре алады, ол заң жобасы бойынша түпкілікті шешім қабылдау кезінде ескерілетін болады. Қазақстанда сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың сөзі бойынша, дағдарыс кезеңінде экономика бөлу жүйесі арқылы сатылатын азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз етуге қайта бағдарланған. Кейіннен бұл жүйе Орталық Азия елдерінің қатысуымен өңірлік Хабпен интеграцияланатын болады. Сонымен қатар, Қазақстанда экспорт пен импорттың жаңа стандарттары енгізілді, олар кедендік рәсімдеулері уақытын 20 минутқа дейін қысқарту арқылы жеңілдетті. 2019 жылғы наурызда Қазақстанда экспорт үшін бірыңғай терезе жүйесі енгізілді және Кеден кодексін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазақстанның Әділет Вице-министрі Ахметованың айтуынша, ведомство зияткерлік меншік, атқарушылық өндіріс, заңды тұлғалардың тіркеу рәсімдерін жеңілдету және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. 2018 жылдың маусым айында зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойылды. Заңды түрде зияткерлік меншік объектілерін тіркеудің бір деңгейлі жүйесі құрылды, сараптамалық және тіркеу рәсімдерінің мерзімдері қысқартылды. Сондай-ақ өтініш берушілердің жеке басын куәландыру қажеттілігі алынып тасталады, өйткені тиісті интеграция арқылы мәліметтер ЖТ МДҚ-дан, ЗТ МДҚ-дан қолжетімді. Қазіргі уақытта екі өңірлік келісімді ратификациялау бойынша жұмыс жүргізілуде: 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патенттік конвенцияға Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттама және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары шығарылған жерлердің атаулары, қызмет көрсету белгілері туралы шарт. Дүниежүзілік Банктің «Doing Виѕіпеѕѕ» рейтингіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту үшін сот актісін орындауға жұмсалатын уақыт пен қаржы шығындарын қысқарту бойынша жұмыс жүргізілуде, онда тараптар - бізнес өкілдері болып табылады. Вебинарды қорытындылай келе, ЕО-ның Қазақстандағы Өкілдігінің Басшысы, Елші Свен-Улов Карлссон Орталық Азия елдеріндегі ШОБ-тің операциялық ортасы, келісімшарттарды орындау, инвестициялар мен салық салудың құқықтық негізіне бағытталған іскерлік ахуалды реформалаудың басымдықтарын атап өтті. Атап айтқанда, Қазақстанға қатысты ұсыныстар: - кәсіпкерлер үшін жаңа кодексті дәйекті және мұқият енгізу; - барлық фирмалар үшін дауларды реттеуді жетілдіру; - сауда рәсімдерін жеңілдету және экспорттық рәсімдерге қатысатын агенттіктер арасындағы ынтымақтастықты жақсарту.
Қарау саны: 2143 |
|
|